
Қазіргі технологиялық дәуірде жасанды интелект (ЖИ) адамның күнделікті өмірі мен кәсіби қызметінің ажырамас бөлігіне айналды. Білім беру саласында ЖИ құралдарын тиімді, жауапты және қауіпсіз қолдану – оқушылар мен мұғалімдер үшін маңызды құзырет. Сол себепті «ЖИ қолдану мәдениетін қалыптастыру» — заман талабына сай білім алушының негізгі дағдысы болып отыр.
Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде өз беделін арттыру үшін академиялық адалдықты дамытуға ерекше назар аударуы қажет. Бұл Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік деңгейде танылуына және жастардың жаһандық бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді. Академиялық адалдық – еліміздің білім беру жүйесінде басты орын алуы тиіс құндылықтардың бірі. «Адал білім – Адал ұрпақ» бағдарламасы осы құндылықтарды кеңінен насихаттап, оқушыларды адал әрі әділ болуын қамтамасыз етеді.
2025-2026 оқу жылының басында оқушыларды адалдыққа тәрбиелеу мақсатында, білім беруші ұстаздарға педагогикалық әдеп нормаларын ұстану, академиялық адалдық талаптарын сақтау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылатын жылдық іс-шара жоспары мен «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспары бекітілді. Мектеп фоесінде білім басқармасының «CaII center» телефоны мен «Сенім жәшігін» орналастыру, түскен арыз-шағымдарға тіркеу кітапшасын арнау жұмыстары үйлестірілді. Мектепке түрлі себептермен кез келген мерекелік іс-шараларды өткізуге, шаруашылық, кеңсе заттарын алуға, тағы басқа мақсатта ата-аналардан заңсыз ақша жинауға қатаң түрде тыйым салу бағытында ата-аналар мен мектеп ұжымына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Белгіленген жоспарға сәйкес, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жиналыстары өткізіледі. Қыркүйек айының алғашқы аптасында «Адалдық сағаты» адалдық пен академиялық адалдық мәселелеріне арналған бірыңғай сынып сағаттарымен бастау алып, өскелең жас ұрпақты отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа, елін жерін сүюге тәрбиелей отырып, «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз», «Жемқорлық індет-жою міндет», «Жемқорлықсыз-қоғамға сенімді жол», «Жемқорлықсыз қоғамға қадам», «Адалдық жолы — жарқын болашақтың кепілі», «Жемқорлықсыз әлем», «Адалдық — ардың ісі», «Парасатты азамат» тақырыптарында сынып сағаттары, дебат, дөңгелек үстелдер мен сурет байқаулары жоспарлы түрде өткізілуде.
Жемқорлықтың алдын алу – болашағымызды қорғау. Бұл тек заңмен реттелетін мәселе емес, ол әр адамзаттың адалдығы мен азаматтық жауапкершілігіне тікелей байланысты. Адалдықты өмірлік ұстанымға айналдырған қоғамда әділдік салтанат құрып, сенім мен тұрақтылық нығаяды. Әрбір адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заңды құрметтеп, әділ жолды таңдағанда ғана жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасады. Сондықтан адалдық пен азаматтық жауапкершілік – таза қоғам құрудың басты кепілі. Келешек ұрпақты тәрбиелей отырып, біз еліміздің дамуына кедергі келтіретін барлық теріс құбылыстарды жоюға жақындай түсеміз. Адал қоғам – жарқын болашақтың кепілі.
Гулнара УТЕУОВА,
М.Маметова атындағы №6 жалпы білім беретін мектептің директоры.