ТҮРКІСТАН: АДАЛ АДАМ – ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚҰНДЫЛЫҚ — 3


— 2025 жылы Түркістан қаласында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар қалай бөлінді және грант иегерлері қандай салалар мен әлеуметтік топтарды қамтыды?
— Түркістан қаласында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру мақсатында 129 азамат мемлекеттік грантпен қамтылды. Жалпы 352 азамат өтініш білдірген, оның ішінде 175 адам жұмыссыздар санатына, 177 адам жеке кәсіпкерлерге, ал пробация есебінде тұрған 2 азамат грант алуға өтініш берді.
Гранттар салалар бойынша былай бөлінді: қызмет көрсету саласында 72 азамат, қол өнер саласында 10 азамат, тамақтандыру саласында 32 азамат, құрылыс саласында 3 азамат, өндіріс және өңдеу саласында 15 азамат.
Әлеуметтік топтар бойынша бөлінуі келесідей болды: мүгедектігі бар 11 азамат, АӘК алушы 4 азамат, асыраушысынан айырылған 4 азамат, көп балалы 101 азамат, мүгедек бала қараушы 9 азамат.
Барлық комиссия отырыстары тікелей эфирде өтіп, бейнебаян бір жыл бойы сақталды. Бұл шара грантқа үміткерлер арасында заңсыздық деңгейін төмендетіп, ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етті.
— Түркістан қаласында әлеуметтік квоталар бойынша жұмыс орындары қалай орындалды және пробация есебіндегі, мүгедектігі бар, көпбалалы және әлеуметтік осал топтар қаншалықты қамтылды?
— 2025 жылы Түркістан қаласында әлеуметтік квоталар бойынша жұмыс орындарының орындалуы жоғары деңгейде болды. Пробация есебінде тұрған 8 азамат, бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған 1 азамат және 18 жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын 1 жас жалпы квота бойынша жұмысқа орналастырылып, квота 100% орындалды.
Мүгедектігі бар азаматтарға арналған квота бойынша 29 адамға мүмкіндік берілген, қазіргі таңда 26 азамат жұмысқа орналастырылып, жоспардың 86,2%-ы орындалды. Қалған 3 азаматты орналастыру жұмыстары әлі жүргізілуде. Бұл көрсеткіштер әлеуметтік осал топтарға жұмысқа орналастыру бағытындағы шаралардың тиімділігін және Түркістан қаласының жұмыспен қамту саясатының кешенділігін айқын көрсетеді.
— Түркістан қаласында өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкелері мен ашық есік күндері қалай ұйымдастырылды, қанша жұмыс беруші мен азамат қатысты және нәтижелері қандай болды?
— 2025 жылы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Түркістан қаласында 12 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкелерге 216 жұмыс беруші қатысты, олардың ішінде 117 жұмысшы мамандықтары бойынша қызмет ұсынды, бұл жалпы қатысушылардың 66,3%-ын құрады. Жәрмеңкелер барысында 1576 бос жұмыс орны ұсынылды, оның ішінде жұмысшы мамандықтары бойынша 222 орын (25,4%) болды.
Жәрмеңкеге барлығы 1540 азамат қатысты, оның ішінде жұмысшы мамандықтары бойынша 145 адам (24,3%) болды. Нәтижесінде 1184 адам жұмыспен қамтылып, бос жұмыс орындары жәрмеңкелерінің тиімділігі мен қаланың еңбек нарығын белсенді етуге қосқан нақты үлесі көрініс тапты. Бұл шаралар жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындарға қажетті мамандықтар бойынша тұрақты және уақытша жұмысқа қол жеткізуге мүмкіндік берді.
— 2025 жылғы Түркістан қаласының «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бойынша барлық бағыттар мен шараларды ескере отырып, жұмыспен қамту саласында қол жеткізілген жалпы қорытынды қандай?
— Түркістан қаласында «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 2025 жылы жүргізілген жұмыстар өңірдің еңбек нарығын тұрақтандыруға, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға және жаңа бизнес бастамаларын қолдауға нақты нәтижелер берді. Жоспарланған барлық бағыттар бойынша, оның ішінде тұрақты және уақытша жұмыс орындары, ұлттық жобалар, «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» бағдарламасы, мемлекеттік гранттар мен әлеуметтік квоталар тиімді жүзеге асырылып, көрсеткіштердің барлығы жоспардан асып орындалды. Сонымен қатар бос жұмыс орындары жәрмеңкелері мен ашық есік күндері арқылы жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасындағы байланыс нығайып, еңбек нарығы белсенді түрде дамытылды. Алдағы уақытта осы бағыттағы жобалар жалғасын тауып, қосымша жұмыс орындары ашылып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын болады.
Несібелі ҒАЙБУЛЛАҚЫЗЫ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы