ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАРЫНДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ


«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалында өткен бүгінгі аппараттық жиында партия қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады. Жолдауда айқындалған басымдықтарды іске асыру мәселелері бойынша жұмыс бағыттары белгіленіп, қоғамды ортақ мақсатқа ұйыстыруда партия филиалының бастамасымен жүзеге асатын іс-шаралар тізбегі талқыланды.
Жұмыс жиыны партияның облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиевтің жетекшілігімен өтті. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бағыттардың әрқайсысына жеке тоқталған Алтынсары Дүйсенбекұлы, осы саяси құжатта айқындалған басымдықтарды партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында қамтылған тармақтармен үйлестіре отырып, іске асыру мәселелеріне тоқталды.
«- Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауында цифрлы экономиканы одан әрі дамыту жөніндегі міндеттер белгіленді. Бұл технологиялық даму ғана емес, сонымен қатар экономикалық тәуелсіздік пен жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің маңызды алғышарты. Бүгіннің өзінде Қазақстан цифрлық технологияларды енгізуде қарышты қадам басып отыр. Елімізде цифрлы инфрақұрылым қалыптасты, интернет пен байланыс сапасы жылдан жылға артып келеді. Электронды үкімет мемлекеттік басқарудың маңызды құралына айналды. Инновациялар мен IT саласының дамуы серпін алды. Адами капиталды арттыру маңызды басымдыққа ие болды, нәтижесінде мектептер кең жолақты интернет желісімен қамтылып, балалардың сапалы білім алуына жағдай жасалып отыр. Бұл міндеттердің барлығы «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасында қамтылған. Жолдауда экономиканың барлық саласында жасанды интеллект технологияларын ілгерілету тапсырылды. Бұл бағыттағы жұмыстарды тұрғындарға дұрыс жеткізуде, облыстық партия филиалының активі, бастауыш партия ұйымдары, депутаттық корпус, белсенді жастар атақаратын жұмыстарды дұрыс үйлестіруіміз қажет. Халық арасындағы түсіндіру жұмыстарын партиялық міндеттермен қоса атқаруымыз керек», — деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.
Жиын барысында елімізде интернет қолданушылардың саны белсенді түрде артып жатқаны айтылды. Қазірдің өзінде мемлекеттік қызметтердің 500-ден астамы Электронды үкімет порталы арқылы іске асырылатыны жетістігіміз деп бағаланды. Елімізде алғаш мәрте Astana Hub технопаркі ашылып, 1200-ден астам стартап жоба іске асырылып жатқаны туралы мәлімттер келтірілді. Цифрлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары, Kaspi.kz, Halyk Homebank сияқты отандық финтехөнімдер халықтың күнделікті өміріне сіңісті болғаны жеткізілді. Электронды цифрлы қолтаңба, QR арқылы төлемдер жасау, құжаттар мен анықтамаларды қашықтытан алу мүмкіндіктерінің кеңейюі, мекемелер мен ұйымдарда электронды құжат айналымынын болуы, онлайн жүйелер арқылы билеттер алу мүмкіндіктерінің болуы, интеллектуалды бақылау жүйелерінің іске қосылуы – Қазақстанды алға шығарған жаңашылдықтар екені айтылды.
«Бүгінгі Жолдауда шын мәнінде экономикамыз, елдің алдағы дамуы туралы маңызды мәселелер айтылды. Жасанды интеллекті дәуіріндегі мәдениет пен өнердің дамуына назар аударылғаны үлкен жаңалық болды деп нық сеніммен айта аламын. 10 қыркүйек күні облыстық партия филиалы жанындағы азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» кеңесінің отырысын өткізіп, Жолдауда айтылған басымдықтарды іске асыру мәселелерін қарастыратын боламыз. «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде барлық реформалардың алғы шебінде жүреді деген сенімдемін», — деді облыстық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева.
Мемлекет басшысының Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы қажет деген тапсырмасына кеңінен тоқталған облыстық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев, Мемлекет басшысы өте батыл бастама көтергенін жеткізді. Цифрлы экономика Қазақстан үшін инновациялық серпіліс пен экономикалық модернизацияның басты бағыты екенін айтты. «- Алдағы үш жылда салалық цифрлық платфомалар қарқын алатын болады. Жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу ісі белсенді түрде жүргізіледі. Ауыл-қала айырмашылығындағы цифрлы теңсіздікті жою бағытында біршама жаңа жұмыстар атқарылады. Цифрлық білім мен IT кадрлар дайындауға басымдық беріледі. Финтех, агротех салаларында цифрлы технологиялар енгізіледі. Кибірқауіпсіздікті қамту мәселесі үлкен маңызға ие болады. Демек, осы бағыттарда облыстық партия қызметін жандандыратын боламыз», — деді Полат Мұратұлы.
Мемлекет басшысының Жолдауында қамтылған бағыттар бойынша басымдықтарды іске асыруда облыстық партия филиалы салалық мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс жүргізетін болады. Сондай-ақ аталған бағыттар шеңберінде Түркістанда ашылған еліміздегі алғашқы толықтай IT, Big Data, AI бағыттарына маманданған Woosong International IT University білім ордасымен байланыс орнатып, өзара ынтымақтастықты жандандыруға жұмыс атқарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы