
Мемлекет басшысы Жолдауда «Алдағы бес жылда Қазақстан цифрлық мемлекетке айналуы тиіс. Бұл – айқын әрі өзгермейтін мақсат. Біз жасанды интеллектінің әлеуетін толық көлемде пайдалана алатын елге айналуымыз керек» деді. Бұл мерзім үш жыл қысқарып, нақты тапсырмамен толықты: жасанды интеллектті еліміздегі экономикалық реформалардың негізіне айналдыру – стратегиялық міндет ретінде белгіленді. Бірінші қадам ретінде цифрландырудың негізгі бағыттарын айқындайтын Цифрлық кодексті жедел қабылдау қажет екені айтылды. Бұл құжат жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен деректерді пайдалану мен өзге де цифрлық аспектілерді қамтиды. Салаға жетекшілік ететін қазіргі уәкілетті министрлік негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады.
Білім беру жүйесі де бұл жаңашылдықтан шет қалған жоқ. Жасанды интеллект білім беру процесін оңтайландырып, оқу сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Жасанды интеллект ‒ адам санасындағы ойлау, шешім қабылдау, үйрену сияқты қабілеттерді компьютерлік жүйелерге енгізуге мүмкіндік беретін технологиялар жиынтығы. Ол деректерді өңдеп, талдап, нақты шешім қабылдай алады. Қазіргі таңда ЖИ-дың нейрондық желілер, машиналық оқыту, табиғи тілді өңдеу секілді бағыттары кеңінен қолданылады. Жасанды интеллект білім беру процесінде түрлі бағыттарда қолданыла алады.
Елімізде ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бастамасымен «Таным» корпоративтік оқу орталығы базасында жоспарлы көшпелі оқыту семинарлары ұйымдастырылып келеді.
Аталған оқытудың мақсаты – жеке және заңды тұлғалар тарапынан наразы топтар мен аса назарды талап ететін азаматтардың көтеретін мәселелеріне назар аударып, жергілікті деңгейде шешу мен алдын алу шараларын қабылдау.
Сонымен қатар Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтау, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінің функцияларымен жұмыс істеу, азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру және тағы басқа қажетті маңызды мағлұматтарды меңгеру көзделген.
Осыған дейін оқыту Атырау, Семей, Алматы қалаларында өткізіліп, 22-23 қазан күндері Түркістан қаласында ұйымдастырылды.
Семинарға жалпы 200-ге жуық мемлекеттік қызметкер, оның ішінде Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының өтініштермен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
Аталған оқытуда спикерлер ретінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» мен корпорация жанындағы «Таным» корпоративтік оқу орталығының, жергілікті Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің, Әділет департаментінің өкілдері дәріс өткізді.
Мемлекеттік қызметшілер сұрақтарын қойып, тиісті кеңес алды. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Жеке оқыту траекториясы: ЖИ әр білім алушының қабілеті мен деңгейіне қарай жеке оқу жоспарын құрып береді. Бұл оқу материалын жақсы меңгеруге септігін тигізеді.
Автоматты бағалау: ЖИ арқылы емтихан нәтижелерін, тесттерді автоматты түрде тексеруге болады. Бұл оқытушылардың уақытын үнемдейді және бағалаудағы субъективтілікті азайтады.
Интерактивті оқу құралдары: ChatGPT, Khan Academy, Duolingo сияқты платформаларда ЖИ білім алушыларға нақты уақыт режимінде көмек көрсетіп, түсініксіз тақырыптарды түсіндіре алады.
Аналитика және мониторинг: ЖИ білім беру мекемелеріне білім алушылардың үлгерімін, қатысуын және басқа да көрсеткіштерін бақылап, қажетті түзетулер енгізуге көмектеседі.
ЖИ-дың білім саласына енудегі кейбір кедергілері де жоқ емес. Ақпарат қауіпсіздігі: білім алушы деректерінің құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жасанды интеллект ‒ білім беру жүйесін түбегейлі өзгертіп жатқан қуатты құрал. Ол оқу процесін тиімді, жекелендірілген және интерактивті етуге мүмкіндік береді. Дегенмен, ЖИ-ды тиімді қолдану үшін оқытушы мен білім алушыларды жаңа технологияларға бейімдеу, инфрақұрылымды жақсарту және этикалық нормаларды сақтау маңызды. Болашақта ЖИ білім сапасын арттырудың басты құралдарының біріне айналары сөзсіз. Елімізде жасанды интеллект саласында AI-Sana оқыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – студенттердің жасанды интеллект бойынша біліктілігін арттыру. Мемлекет басшысы бұл бағдарламаның қолдану аясын барынша кеңейту орынды екенін еске салды. Сонымен қатар, инвестициялар мен таланттар үшін тартымды экожүйе қалыптастыру қажет.
Жасанды интеллект пен киберқауіпсіздік саласын оқу мен игеруге деген ұмтылыс болашақ үшін маңызды. Жасанды интеллектінің білім беру саласындағы мүмкіндіктері өте кең және оның оқу процесіндегі қолданылуы білім алушылардың білімін жақсартуға, оқытудың тиімділігін арттыруға және оқытушылардың жұмысын жеңілдетуге айтарлықтай мүмкіндік береді.