ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА


Түркістан облысы – респуб¬ликамыздағы экономикасы қарқынды өсіп жатқан аймақтың бірі. Екі миллион адамнан астам халқы, 800-ден астам елді мекені бар. Облыс тұрғындарының 75 пайызға жуығы – ауыл азаматтары.
Аманаттықтар өңірде жүріп жатқан қоғамдық-саяси үдеріс¬тердің бел ортасынан табылып, халық пен билік ара¬сын жалғап тұрған көпір міндетін атқарады. Беделді сая¬си ұйымның өңір көлемінде атқарып жатқан жұмыстарын пайымдауда, «AMANAT» пар¬тиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев¬пен сұхбат жүргізген едік.
– Алтынсары Дүйсенбекұлы, сұхба¬тымызды жұмыс басымдықтарыңыз туралы мәселеден бастасақ, партияның Түркістан облыстық филиалының биылғы жұмыс жоспарының ерекшелігі қандай еді? Партиялық қызметті ұйымдастыруда қолға алған бастамаларыңыз туралы да айтып өтсеңіз.
– Шын мәнінде, 2025 жыл партиядағы қызметіміз үшін айрықша белестерді айқындаған кезең болды деп нық сеніммен айта аламын. «AMANAT» партиясы, ел аманатын арқалай отырып, ел тағдырына алаңдайтын барша азаматтарды Мемлекет басшысының түбегейлі реформаларын қолдауға, Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегіне топтасуға шақырады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Қазақстан хал¬қына арнаған Жолдауында айтылған 9 негізгі басымдықтан туындайтын жаңа міндеттер партиялық қызметтің өзегі болып белгіленді. Жұмыс жоспарымыз Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында айтылған басымдықтармен толықтырылды. Идеоло¬гиялық мазмұнды қамтуда 2025 жылдың «Жұмысшы маман¬дықтар жылы» болып жариялануын басшылыққа алдық, Парламент Мәжілісінің және партиямыздың Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың ұсынысымен биылғы жыл – Бастауыш партия ұйым¬дарының жылы болып жарияланды, қыз¬меттегі негізгі басымдықты партиямыздың ең төменгі құрылымына беріп отырмыз.
Сондай-ақ 2025 жылғы 4 наурызда Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңға қол қойды. Ерекше мәртебе бағытындағы жұмыстар да партиялық қызметтің негізгі бағдары болып белгіленді.
Ең алдымен, негізгі тірегіміз – ол біздің жақтастарымыз. Биылғы алты айда партия қатарына 2 198 адам қабылданып, Түркістан облысы бойынша партияластарымыздың қатары 85 356 адамға жетті. Еліміз бойынша 800 мыңнан астам адам «AMANAT» партиясының мүшесі болса, соның он пайыздан астамын Түркістан облысының тұрғындары құрайды. Бұл көрсеткіш партиямызға деген ел сенімінің жоғары екенін көрсетеді деп білемін.
Аудан, қалалардағы 17 аумақтық партия филиалдары 242 бастауыш партия ұйымдарын біріктіреді. Бастауыш ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетуде Сайрам, Сарыағаш аудандары мен Түркістан қаласында сол аумақтарға жақын аудан, қалалардағы партия ұйымдарын біріктіріп, партиялық қызметті жаңа сипатта ұйымдастыру бо¬йынша топтық семинарлар өткіздік. Атап өтуіміз керек, биыл – Бастауыш партия ұйым¬дарының жылы болып жариялануына орай, барлық ұйымдарды кеңсе кабинет¬терімен, компьютерлік техникамен қамта¬масыз етуді ұйғардық. Еліміздегі ең ықпалды саяси күшке айналған партиямызда азаматтар үшін қолайлы орта түзілуге тиіс деп санаймыз және бізге сенім артқан азаматтар үшін барлық жағдай жасалады деген сенімдемін.
– Сайлау кезінде берілген уәделердің орындалуына, партияның сенім мандатына ие болған депутаттардың белсенділігіне тоқталсаңыз…
– «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын Түркістан облысында іске асыру жөніндегі Жол картасында 136 индикатор, 568 іс-шара жоспарланса, соңғы екі жылда белгіленген межелердің 43,5 пайызы немесе 247 іс-шара толығымен атқарылды. Яғни, облыс халқына берген уәделеріміздің жартысына жуығы орындалды, қалған межелер 2027 жылға дейінгі мерзімде толықтай іске асады деп білеміз. Жол картасына еніп, пайдалануға берілген нысандардың қатарында «Жайлы мектеп» жобалары, жаңа мектептер құ¬рылыстары, медициналық ұйымдар, спорт кешендері, мәдениет үйлері, оңалту орта¬лықтары, өрт сөндіру деполары, полиция бекеттері бар. Елді мекендердің қордаланған мәселелерін шешуде ауылдарға ауызсу, газ жүйелерін тарту, халық тұтынатын электр қуатының сапасын арттыру, автомобиль жолдарын салу жобалары жүзеге асты.
Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының іскерлік беделінің, мол тәжірибесінің арқасында Түркістан облысы экономикалық өсім жағынан республикадағы үздік үш өңірдің қатарына ілікті. Экономикадағы маңызды деген 10 көрсеткіште Түркістан өңірі республикада көш бастады.
Партия айқындаған міндеттерді іске асыруда партиялық фракция депутаттары мен аудан, қалалық мәслихаттар корпуста¬рының жұмыстарын ерекше атап өткеніміз жөн. Мәслихаттардың депутаттары партия алаңында өтіп жатқан барлық жиындар, қоғамдық қабылдаулар, мәдени іс-шаралар мен кездесулер депутаттардың қатысуымен өтуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы