
Биылғы алты айда облыстағы фракция¬лардың 37 отырысы өтіп, 94 мәселе қаралды. Сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша, облыс әкімінің орынбасары, жауапты басқармалар мен Түркістан, Арыс, Кентау қалалары және Отырар ауданы әкімдерінің есептері тыңдалды. Ал облыстық партия филиалының Саяси кеңес бюросында 2 басқарма басшысының, 9 аудандық мәслихат төрағасының, 5 аудандық фракция жетекшісінің есептері тыңдалып, Жол картасы тармақтарының орындалуын үйлестіруге жауапты депутаттардың қызмет белсенділіктері сараланды.
Партияның өңірлік филиалы жанынан облыстың тыныс-тіршілігіне қатысты түрлі бағыттар шеңберінде жұмыс жүргізетін 9 кеңес қызмет атқарады. Консультативтік-кеңесші орган мәртебесіне ие осы кеңестердің 34 отырысы өтті, 64 мәселе қаралды. Ке¬ңестер қызметінің пәрменділігін арттыруда, олардың отырыстарын аудан, қалаларда көшпелі форматта өткізу үрдісі қалыптасты.
– Партия қызметінің негізгі бағытын партиялық жобалар құрайды. Бұл бағыттағы көрсеткіштеріңіз қандай? Партияға сенім артқан азаматтардың саны артып жатқанын айттыңыз. Жас буынмен жұмыс қалай өрбіп жатыр?
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «AMANAT» көтерген бастамаларға, партиялық жобаларға арнайы тоқталып, бірнеше рет жоғары баға бергені белгілі. Соның ішінде, «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам», «Әкімдер мектебі» жо¬балары жалпыұлттық деңгейге шығарылды.
Өз қызметі шеңберінде «AMANAT» жиырмаға жуық партиялық жобалардың іске асырылуын үйлестіреді. Олар – «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам», «Құқықтық көмек», «Халыққа кө¬мек», «Таза бейсенбі», «Ардагерлерді ар¬¬дақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Жастарға жұмыс», «Кітап-AMANAT» TOMIRIS, QAISAR, «Жас саясат¬керлер мектебі», «Менің елім – менің тілім», «Ұлттық мұра» жобалары. Биылдан бастап олардың қатарына «Әкімдер мектебі», «Цифрлы қоғам», «Агросауат» жобалары қосылды.
Бұл жобалар халықтың өзекті мәселелерін шешуге, халықтың нақты әлеуметтік топтарына бағдарланған, қоғамның мәдени-рухани құндылықтарын ілгерілетуге, патриоттық тәрбие беруге арналған. Айта кетуіміз керек, «AMANAT» партиясы бел¬гі¬леген партиялық жобалардың барлығы дерлік Түркістан облысы үшін өте өзекті болып табылады. Халықтың сұранысын дөп басып, қоғамдағы актуалды мәселелерін қамтиды. Партияның барлық бастамалары Түркістан облысында нақты нәтижелерін беріп отыр.
Азаматтардың қолдауына ие бо묬¬¬ған «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша биылдың өзінде 8 102 адам оқытылды. «Жер аманаты» бойынша биылғы алты айда 32,8 мың гектар жер қайтарылып, жылдық жоспар 80 пайызға орындалды. «Ауыл аманаты» бойынша 2023 жылы берілген несиелердің қайтарымы есебінен 2,3 млрд теңгеге 316 жоба қаржы¬лан¬дырылды. «Таза Қазақстан» жалпыұлт¬тық акциясы шеңберіндегі «Таза бейсен¬¬бі» жобасы аясында ауыл-аймақтарда 22 учаскеде тазалық жұмыс¬тары жүргізі¬ліп, оған алты мыңға жуық партия өкілдері қатысты.
«Кітап-AMANAT» жобасымен Жетісай, Мақтаарал, Түлкібас аудандарында рухани-ағартушылық орталықтары ашылып, жұмыс жүргізіп жатса, «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық!», «Ұлттық мұра», «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек» тағы басқа жобалар бойынша түрлі форматтағы іс-шаралар атқарылып, пар¬тиямыз тұрғындардың кең қолдауына ие болуда. Облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелерінің желісі бойынша айтатын болсақ, биылғы 6 айда партия көмегіне жүгінген азаматтардан 9 000-ға жуық арыз-өтініш келіп түсіп, барлық өтініштің 62 пайызы шешімдерін тапты. «Құқықтық көмек» жобасы бойынша Сауран, Қазығұрт, Отырар, Бәйдібек, Сайрам, Түлкібас, Мақтаарал, Жетісай аудандары мен Кентау және Түркістан қалаларының әрқайсысында шалғайда орналасқан екі елді мекенде, барлығы 20 ауылда мобильді көшпелі қоғамдық қабылдау жиындары өткізілді.
Партия беделіне айналған осы жұ¬мыстардың нәтижесінде, биылғы бірінші жартыжылдықта өткен 38 ауылдық округ әкімдерінің сайлауында «AMANAT» партиясынан ұсынылған 37 кандидат жеңіске жетіп, партияның жаңа, жас буын кадрлары ел ісіне араласа бастады.
Қарағанды облысында өткен QAISAR республикалық әскери-патриоттық ойын¬дарында Түркістан облысынан қатысқан жастар екінші орынға ие болса, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жыл¬дығына арналған AMANAT-AQYLMAN интеллектуалды ойындарының іріктеу кезеңдері 17 аудан, қалада өткізілуде. «Жас¬тар рухы» жастар командасы Түркістан облыстық AL-FARABI зияткерлер бай¬қауында ең үздік команда атанды. Облыстық партия филиалы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты республикада ең үздік ұжым деп танылды, ал осы бөлімнің косультанты Еркебұлан Мадиярұлы жылдың үздік волонтері деген номинацияға ие болды.
Қоғам мен мемлекет игілігі үшін «AMANAT» партиясының Түркістан об¬лыстық филиалы атқарып жатқан жұ¬мыстарының барысы осы мазмұнда тізбектеліп отыр.
– Әңгімеңізге көп рақмет!
Сұхбаттасқан
Арайлым МҰРАТБЕК.