Түркістан облысы – өңірлерінің ішінде Ұлттық жобаны іске асыруды бастаған алғашқы аймақ. Өңірдегі жобаларға тартылған жалпы инвестиция көлемі 6,9 млрд теңгеден астам. Бұл көрсеткіш облыстың әлеуметтік-экономикалық дамудың қозғаушы күші әрі энергетика мен инфрақұрылым саласына озық шешімдерді енгізудің орталығы ретіндегі мәртебесін айқындайды.
ҰЛТТЫҚ ЖОБА: СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТ
Энергетика мен инфрақұрылым саласындағы Ұлттық жоба – бұл коммуналдық желілерді жаңғыртуға бағытталған ауқымды мемлекеттік бастама. Оның негізгі бағыттары – сенімді энергиямен қамтамасыз ету, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, «жасыл» технологияларды енгізу және халықтың өмір сүру сапасын арттыру.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ – КӨШБАСШЫ ӨҢІР
Ұлттық жобаны іске асырудағы Түркістан облысының көшбасшылығы кездейсоқ емес. Бұл – демографиялық өсімі жоғары әрі Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар, ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Энергия тұтынудың жедел өсуі мен инфрақұрылымды кешенді жаңғыртудың қажеттілігі өңірді елде алғашқы болып Ұлттық жобаны іс жүзінде бастаған аймаққа айналдырды.
Мемлекеттің қолдауы мен бизнестің белсенді қатысуы бастаманы басқа облыстарға қарағанда ертерек бастауға мүмкіндік берген негізгі факторлар болды.
МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
Бұл – бүгіннің өзінде Қазақстанның оңтүстігіндегі миллиондаған тұрғынның өмірін өзгертетін нақты жобалар. Жаңа электр жеткізу желілерінің құрылысы, тозған сымдарды ауыстыру, заманауи технологияларды енгізу және ауылдық елді мекендердегі желілерді қайта жаңғырту – мұның бәрі энергиямен қамтамасыз етудің сапасы мен сенімділігін арттыруға бағытталған нақты қадамдар.
Бастамалар «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобы мен оның еншілес компаниясы «Оңтүстік Жарық Транзиттің» қатысуымен жүзеге асырылуда. Бұл кәсіпорындар тек инвестиция құйып қана қоймай, өңірдің энергетикалық жүйесін басқарудың жаңа стандартын қалыптастыруда. Компания электр энергиясын есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін, цифрлық сервистерді белсенді енгізіп, электр жеткізу желілерін мен трансформаторлық қосалқы стансаларды жаңартып жатыр. Әсіресе ауылдық аудандарға ерекше назар аударылуда, себебі мұндағы желілерді жаңғырту халықтың өмір сүру сапасына және шағын және орта бизнестің дамуына тікелей ықпал етеді.
Бүгінде «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобы мен «Оңтүстік Жарық Транзит» Түркістан облысындағы Ұлттық жобаның негізгі операторларының бірі ретінде оның тұрақты әрі нақты жүзеге асырылуын қамтамасыз етіп отыр. Бұл – бизнестің инвестициялар, инновациялар мен әлеуметтік жауапкершілікті үйлестіре отырып, оң өзгерістердің қозғаушы күшіне айнала алатынының айқын үлгісі.
«Түркістан облысында құны 6,9 млрд теңгеден асатын Ұлттық жоба мен «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының аясындағы жобалар жүзеге асырылуда. Өңір елде бірінші болып сөзден іске көшіп, мемлекет пен бизнестің күш біріктіруі миллиондаған тұрғынды сенімді энергиямен қамтамасыз етіп, өркендеуге берік негіз қалатынын көрсетті», — деді Сабырғали Идрисов , «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобының бас директоры.
«Бүгін біз Түркістан облысының 12 ауданында шамамен 90 км электр желілерін реконструкциялап, жаңа буындағы жоғары температураға төзімді сымдарды енгізіп жатырмыз. Бұл келесі онжылдықтарға энергия шығынын азайтуға және сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — атат өтті Айдар Махамбет, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС бас директоры.
АУҚЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ
Ұлттық жоба мен «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы нақты іс жүзінде жүзеге асырылуда. Түркістан облысында құны 6,9 млрд теңгеден асатын ірі инфрақұрылымдық жаңғырту жобалары жүзеге асырылып жатыр. Бұл жай сандар емес, нақты іс-шаралар: сымдар жаңартылып, жаңа тіректер орнатылып, заманауи электр желілері жүргізілуде.
«ТАРИФТІ ИНВЕСТИЦИЯҒА АЙЫРБАСТАУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Түркістан облысы Төлеби ауданында 110 кВ желілеріндегі ескі сымдарды ауыстыру жұмыстары
Инвестиция көлемі 418,7 млн теңгені құрап отыр. 31 тіректің 10-ы орнатылды, ал жаңартылған желінің алғашқы километрлері тұрғындарға тұрақты электрмен қамтамасыз етуді қолжетімді етуде. Жұмыстардың аяқталуы 2025 жылдың қазан айына жоспарланған. Шаруа таңғы 4:00-ден 8:00-ге дейін, яғни аз тұтыну уақытында тындырылуда. Бұл тәсіл ірі жаңғыртуды тұрғындар мен бизнеске кедергісіз, күнделікті өмірді бұзбай жүргізуге мүмкіндік береді.
Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы 110 кВ желіні реконструкциялау жұмыстары 110 кВ әуе электр желісіндегі сымдарды ауыстыру жұмыстары басталып, бұған 328,2 млн теңге инвестиция салынды. 33 км желіден 15 км-ы тартылды. Жаңғыртудан кейін желінің өткізу қабілеті артып, оның тұрақтылығы күшейеді.