Жасыл экономика – экологиялық тұрақтылық пен экономикалық өсу арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз ететін жаңа даму моделі. XXI ғасырдың басты трендтерінің бірі ретінде жасыл экономика ресурстарды тиімді пайдалануды, қоршаған ортаны қорғауды және әлеуметтік әділеттілікті үйлестіруге бағытталған. Бұл модель тұрақты дамудың негізгі элементтерінің бірі ретінде әлемдік және ұлттық саясатта ерекше орын алады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей, Қазақстан дамуының негізгі міндеттеріне Тұрақты даму мақсаттары аясында жүргізілетін жұмыстар бірінші кезекте атқарылуы тиіс. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)» — бұл Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер 2030 жылдың соңына дейін қол жеткізуге бағытталған мақсаттарды қамтитын әмбебап әрекетке шақыру.
Тұрақты даму мақсаттарының ішіндегі 7-мақсат: «Қымбат емес, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздерінің барлығы үшін жаппай қолжетімділігін қамтамасыз ету» екенін алға тартқым келеді.
Қымбат емес, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне жаппай қолжетімділік — бұл тек экономикалық мәселелерді ғана емес, экологиялық және әлеуметтік мәселелерді де шешудің кілті.
Жасыл экономиканың басты мақсаты – табиғи ресурстарды пайдалану барысында экологиялық шығындарды азайту, энергетикалық тиімділікті арттыру және экономикалық даму мен экологиялық тұрақтылықты бір уақытта қамтамасыз ету.
Қазақстанда жасыл экономиканы дамыту – экономикалық құрылымды әртараптандыру және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп отырған кешенді шаралардың бірі. Ел үкіметі мен халықаралық ұйымдар тарапынан:
Жаңартылатын энергия көздерін дамыту: Жел, күн және гидроэнергетика салаларын дамыту арқылы отын түрлерін әртараптандыруға баса назар аударуда;
Энергия тиімділігін арттыру: Өндірістік процестерді жаңғырту, энергия үнемдеу және инфрақұрылымды модернизациялау жобаларын жүзеге асыруда;
Экологиялық жобалар мен инновациялар: Экологиялық таза технологияларды енгізу арқылы өнеркәсіптік өндірістің экологиялық ізін азайтуға бағытталған бағдарламалар іске асырылуда.
Жасыл экономика – тек мемлекеттік бастама емес. 2025 жылдан кейін Қазақстанның «Жасыл экономика – 2030» жаңа стратегиялық кезеңі басталады деп күтілуде. Онда климаттың өзгеруіне бейімделу, су қауіпсіздігі және көміртегі бейтараптығына көшу мәселелері басты басымдықтардың бірі ретінде айқындалады.
Сарапшылардың пікірінше, еліміз 2060 жылға қарай толық көміртегі бейтарап мемлекетке айналуды көздеп отыр. Бұл мақсатқа жету үшін өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларында жүйелі реформалар қажет.
Бүгінгі таңда ірі бизнес өкілдері де экологиялық жауапкершілікке бет бұрды. «Kaspi.kz», «Kcell» және «Air Astana» компаниялары өз қызметінде көміртегі ізі мен қағаз тұтынуды азайту жобаларын іске асырып отыр. Мысалы, Kaspi.kz 2024 жылы электронды чек жүйесін енгізу арқылы жылына 2 мың тоннадан астам қағаз үнемдеген.
Сонымен қатар, «Samruk-Kazyna» қоры 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына экологиялық тиімділік көрсеткішін енгізді. Яғни енді әр еншілес компания өз табысы мен экологиялық әсерін қатар бағалайды. Бұл тәсіл экономика мен экология арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді.
Мысалы, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Қазақстандағы жасыл жобаларға 2024 жылы 200 миллион еуродан астам инвестиция бөлген. Бұл қаражат негізінен жаңартылатын энергия көздері мен экологиялық инфрақұрылымға бағытталуда.
Жасыл экономика жай ғана экологиялық бағдарлама емес, бұл адамзат өркениетінің жаңа даму философиясы.
Ол табиғат пен экономиканы қарама-қарсы қоймай, үйлестіре дамытудың жолын ұсынады. Қазақстан осы бағытта айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр: жаңартылатын энергия көздері көбейіп, экологиялық мәдениет қалыптасып, жасыл қаржы жүйесі дами бастады.
Бірақ ең маңыздысы қоғамның экологиялық жауапкершілігі мен өмір салтының өзгеруі. Әрбір азаматтың табиғатты қорғауға қосқан үлесі – елдің болашағына қосқан үлесімен тең.
Тұрақты болашақ – табиғатты құрметтеуден, ал жасыл экономика – сол болашаққа апарар сенімді көпір.
Жасыл экономика – экологиялық және экономикалық тұрақтылықтың кепілі. Әлемдік тәжірибе мен Қазақстандағы бастамалар көрсеткендей, жасыл технологияларды енгізу, жаңартылатын энергия көздеріне көшу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру елдің ұзақ мерзімді дамуына оң әсер етеді.
Мемлекеттік қолдау мен халықаралық ынтымақтастықты нығайту арқылы жасыл экономика Қазақстанның экономикалық өсуі мен экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Жасыл экономика – қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешуде инновациялық әрі тиімді жол. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық таза технологияларды енгізу және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету арқылы елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мүмкін болады.
Қазақстандағы жасыл экономика саласындағы бастамалар мен жобалар болашақ ұрпаққа таза және тұрақты орта қалдыруға бағытталған үлкен үміт береді.