Қазақстанның «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы – ел дамуының болашақ бағытын айқындайтын стратегиялық маңызы зор бағдарлама. Бұл құжат тек экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жоспар ғана емес, сонымен қатар экономиканың жаңа моделіне көшуге жол ашатын ауқымды трансформациялық бастама болып саналады. Халықаралық энергетика агентігі 2050 жылға дейін күн мен күн жылу энергиясы әлемдік сұраныстың 27 пайызын қамтамасыз ететіндігін есептеп шығарған. Агенттіктің есебі бойынша 2050 жылы пайдалы қазбаларды өндіру ісі біржолата тоқтайтынын да болжап отыр. Энергияны мұнай мен көмірден алу технократтық жаңалықтарды өмірге әкелгені белгілі. Алайда энергияны мұндай жолмен өндіру экологияға зиян келтіретіні кеш білінді.
Жердің климаттық өзгерісін тоқтату үшін ғалымдар баламалы, зиянсыз жолдармен қуат өндіру мәселесін жаппай талқылай бастады. Мәселен, қазіргі күннің өзінде Ирландия мемлекеті жердің геологиялық мүмкіндіктерін, яғни гейзерлерді пайдалану негізінде геотермальды энергия бағытын дамыту ісін мықтап қолға ала бастады.
Ғалымдар геотермальды энергия көздерінің небәрі 1 пайызы игерілсе, адамзаттың энергияға деген тәуелділігі мүлдем жойылады деген болжамдар жасауда. Ал Испания мен Италия, Нидерланды мемлекеттері территориясы кең аймақтарға күн энергиясын өндіретін алып аппараттарды орналастырып жатыр. Сол тәрізді АҚШ елі Флорида штаты мен Маями қаласының маңынан өтетін мұхиттағы ең үлкен Гольфистрим ағысынан энергия өндіруді жоспарлап отыр. Негізінде, ХХ ғасырдың басында-ақ океонографғалымдардың өзі мұхит кеңістігі энергия көзі ретінде игерілсе, адамзаттың миллиондаған жылына жетер энергияны өндіруге болатындығын алға тартқан.
Қорыта айтқанда, «Жасыл экономика» принциптерін жүйелі түрде іске асыру Қазақстанға табиғи ресурстарды ұқыпты пайдаланып, қоршаған ортаға келетін зиянды барынша азайтуға мүмкіндік береді. Бұл – бүгінгі және келешек ұрпақтың өмір сапасын жақсартудың негізгі шарты.
Болашақта елдің энергетикалық жүйесі түбегейлі жаңарып, баламалы энергия көздері негізгі рөл атқара бастайды. Күн мен жел энергетикасының дамуы Қазақстанды аймақтағы экологиялық тұрғыдан таза энергия өндірудің жетекші орталықтарының біріне айналдыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар энергия тиімділігі артып, өндіріс орындары заманауи, қоршаған ортаға зиянсыз технологияларға көшу процесін жеделдетеді. Бұл елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, өндірістік шығындарды азайтуға да ықпал етеді.
Экономиканың әртараптандырылуы мен жаңа жасыл технологияларға инвестицияның артуы Қазақстан үшін маңызды әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге алып келеді. Инновациялық кәсіпорындар, қалдықтарды қайта өңдеу индустриясы, «ақылды қалалар» жүйесі және экологиялық ауыл шаруашылығы сияқты жаңа салалар қарқынды дами бастайды. Бұл жүздеген мың жаңа жұмыс орнының ашылуына және білікті мамандар даярлауға ықпал етеді. «Жасыл экономика» тек экологияны емес, адамдардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартатын тиімді жүйе ретінде қалыптасады.
«Жасыл экономиканың» енгізілуі қалалық және ауылдық аймақтардың да көрінісін өзгертеді. Қалаларда экологиялық таза көлік, энергия үнемдейтін ғимараттар, тиімді жарықтандыру және таза ауағ а басымдық берілсе, ауыл шаруашылығында суды үнемдеу, органикалық өнім өндіру және жердің құнарын сақтайтын агротехнологиялар кеңінен қолданылады. Осы өзгерістердің барлығы елдің экологиялық қауіпсіздігін күшейтіп, табиғи тепе-теңдіктің сақталуына ықпал етеді. Жалпы алғанда, Қазақстанның «Жасыл экономика» тұжырымдамасы – болашақтың тұрақты, теңгерімді және озық технологияларға негізделген мемлекет құру жолындағы маңызды қадам.
Бұл бағыт еліміздің жаһандық экологиялық үрдістерден қалыс қалмай, халықаралық қауымдастық алдында өз жауапкершілігін сезінетін, табиғатпен үйлесімді өмір салтын таңдаған мемлекетке айналатынын көрсетеді. Сондықтан «Жасыл экономика» – Қазақстанның табиғи байлығын сақтап, экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған болашағы жарқын, маңызы жоғары даму жолы.