TUR WORKOUT ТУРНИРІНІҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ


Түркістан қаласындағы «Жібек Жолы» саябағында жастар арасында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған «Тәртіпке тартыл» атты «TUR WORKOUT» облыстық турнирінің қалалық іріктеу кезеңі өтті.
Спорттық шараға 200-ге жуық жас спортшы қатысып, күш пен ептілікті, шыдамдылық пен шеберлікті талап ететін жаттығулар бойынша бақ сынасты.
Аталған спорт бәсекесінің ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов пен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бөлім басшысы Абай Бауыржанұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және құқықтық мәдениетті қалыптастыруды мақсат еткен іс-шара барысында көрермендерге арнайы шоу бағдарламасы ұсынылып, қатысушылар өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар облыстық кезеңге жолдама алды.

Атап айтсақ, 14-20 жас санатында Элдар Манапов, 21-28 жас санатында Тұрарбек Бексұлтан, Нұрсұлтан Рысқұлов және Оспан Болат, ал 29-35 жас санатында Орынтай Нұрболат пен Нұрсұлтан Жұмаділә өңірлік жарыста қала намысын қорғайтын болады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық жобалар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, тәртіп пен жауапкершілік құндылықтарын дәріптеуге серпін беріп, алдағы уақытты жиі өткізілетін болады.

Зилан Челикаслан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы