Түркістан қаласында балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Дөңгелек үстел» өткізілді.


Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің бастамасымен 2026 жыл:Балалардың құқын қорғау жылы» болып жарияланып, балалардың құқықтары мен заңды мүддесін қорғауға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан балалары» бірыңғай ұлттық бағдарламасы іске асырылуда.
Одан бөлек Қазақстан Республикасының ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 17 мен 19 шілде аралығында Түркістан облысында «Қауіпсіз үй» іс-шарасы басталды.
Аталған іс-шара аясында Түркістан қалалық полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторлары профилактикалық іс-шаралар өткізді.
«Қауіпсіз үй» іс-шарасы барысында аға инспектор, полиция майоры Қайырбекова Айсұлу, полиция аға лейтенанты Құттыбаева Майраның бастамасымен Рейдтік тексеру ұйымдастырылып, оған Ювеналдық полиция тобының инспекторы, полиция лейтенанты Ердаулет Перне, «Отбасын қолдау орталығы» Кмм-нің басшысы Піржанова Алия қатысты.
Сонымен бірге, Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мақсатында «Отбасын қолдау орталығы» Кмм-нің психологі Сұлтанова Нұрболған мен әлеуметтік қызметкер Камшат Сұлтанова және де «Жастар ресурстық орталығы» Кмм-нің басшысы Піржанова Алия қатысты.
Сонымен бірге, Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мақсатында «Отбасын Қолдау орталығы» Кмм-нің қызметкерлерінің қатысуымен «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. «Дөңгелек үстел’ барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, қауіп-қатер тобындағы отбасылармен жұмысты жетілдіру, балалардың құқықтарын қорғау және ведомствоаралық ынтымақтастықты күшейту мәселелері талқыланды.
«Қауіпсіз үй» Іс-шараның негізгі мақсаты: білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі саясат, қоғамдық даму (ақпарат) басқармаларының, үкіметтік емес ұйымдардың, Жастар қозғалыстарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, блогерлерлің, еріктілердің, құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар мүшелерінің және өзге де мүдделі тұлғалардың өкілдерін және полицияның қосымша күштері мен құралдарын тарта отырып, қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды (отбасыларды) анықтауға баса назар аудара отырып, мақсатты іс-шараларды өткізу жоспарын бекіту, елді мекендерді аулалық аралау бойынша қамтамасыз ету, бұл ретте саяжай массивтері, құрылыс нысандарына, жалға берілетін пәтерлерге, шаруа қожалықтарына, шалғай және өзге де күмәнді жерлерге, үй-жайларға ерекше назар аудара отырып, заңнама бұзушылық фактілерін, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайдағы тұлғаларды (отбасыларды) анықтауды ұйымдастыру

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы