
Отырар ауданында елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының тапсырмасына сәйкес, ауылдардың келбетін көркейту мен халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Соның бірі – Балтакөл ауылындағы М.Әжіқабылов көшесі бойында жүргізіліп жатқан ұзындығы 2000 метрді құрайтын жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру жұмыстары. Қазіргі таңда нысанда тиісті жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылып жатыр.

Аталған жоба тұрғындардың, әсіресе мектеп оқушылары мен қарттардың қауіпсіз әрі жайлы жүріп-тұруына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көше келбетін жақсартып, ауылдың сәулеттік келбетін айшықтай түседі.
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық және абаттандыру жобаларының сапалы әрі уақытылы орындалуын тұрақты бақылауда ұстап келеді. Алдағы уақытта да аудан көлемінде аяқ жолдар салу, көшелерді жарықтандыру және өзге де абаттандыру жұмыстары өз жалғасын табады.
Халық игілігіне бағытталған әрбір абаттандыру жобасы – Отырар ауданының тұрақты дамуы мен тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жасалған маңызды қадам.