
Отырар ауданында елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының тапсырмасына сәйкес, Маяқұм ауылындағы Т.Сыздықов, Р.Мырзабеков, Е.Әнетбеков және А.Байымбетов көшелерінде, сондай-ақ Көлқұдық ауылындағы М.Арыс көшесі бойында көше жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Аталған жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға, көшелердің түнгі уақытта жарық әрі қолайлы болуына және ауылдардың инфрақұрылымдық әлеуетін жақсартуға бағытталған.
Отырар ауданында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.