ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС ТҰРҒЫНДАРЫНА БЕС ЖЫЛДЫҚ ДАМУ БАҒДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

 

«Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының сайлауалды штабының мүшелері Келес ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында партияның «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, өңірді дамытудың негізгі бағыттары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер түсіндірілді.

Штаб мүшелері бағдарламаның негізіне алынған Әділет, Заң мен тәртіп, Жауапкершілік, Патриотизм, Прогресс және Келісім қағидаттарына тоқталды. Құжатта қоғамдық қауіпсіздікті күшейту, халық пен билік арасындағы байланысты нығайту, тұрғын үй мен жол инфрақұрылымын дамыту, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдау мәселелері қамтылған.

Сонымен қатар жұмыспен қамту, цифрландыру, әлеуметтік қолдау, білім беру, денсаулық сақтау және спорт салаларын дамытуға басымдық берілген. Мәдениет нысандарын жаңғырту, тарихи мұраны сақтау және экологиялық ахуалды жақсарту бағытындағы бастамалар да таныстырылды.

Штаб өкілдері бағдарламаның басты мақсаты өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту екенін атап өтті. Әрбір бағыт нақты міндеттер мен жоспарларға негізделгенін жеткізді.
Кездесу барысында тұрғындармен пікір алмасып, елді мекендердің дамуына қатысты мәселелер талқыланды. Қатысушылардың баршасы бағдарламада көтерілген бастамаларды қолдайтынын білдірді.


Жиын соңында штаб мүшелері тұрғындарды алдағы мәслихат сайлауында белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауға шақырды.
Сондай-ақ, көпшілікті «Әділет» партиясы атынан ұсынылған кандидаттарды қолдауға шақырды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы