ҚАЗАН АЙЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНА 3 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІШ ТҮСТІ

 

«Әділет» партиясы қазан айында азаматтардың өтініштерін қарау, қоғамдық бақылау жүргізу және әлеуметтік қолдау көрсету бағытында бірқатар жұмыс атқарды.

Есепті айда партияға тұрғындардан 3 391 өтініш түскен. Оның 1 855-і оң шешімін тапқан. Бұл азаматтардың талап-тілектерін тыңдап, көтерген мәселелеріне нақты жауап беруге бағытталған жұмыстардың жалғасып жатқанын көрсетеді.

Сонымен бірге партиялық бақылау шеңберінде 170 нысан тексерілді. Тексеру нәтижесінде 76 заңбұзушылық анықталып, оның 63-і бойынша кемшіліктер жойылды.

Ал «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 4 431 азаматқа көмек көрсетілді. Жоба халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға және қаржылық мәселелерді шешуге қолдау көрсетуге бағытталған.

Партия алдағы уақытта да азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыру және өңірлердегі өзекті мәселелерді шешуге атсалысу жұмыстарын жалғастырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы