Келес ауданындағы спорт кешенінде «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалы сайлауалды штабының мүшелері жергілікті спортшылармен кездесті. Жиынның негізгі мақсаты – партияның 2026–2031 жылдарға арналған «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын таныстыру.

Кездесу кезінде спорт инфрақұрылымын дамыту, жас спортшыларға қолайлы жағдай жасау, бұқаралық спортты кеңінен дәріптеу және заманауи спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру мәселелеріне назар аударылды.

Еркін форматта өткен басқосуда спортшылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Сонымен қатар олар спорт саласының өркендеуіне, жастардың әлеуетін арттыруға және ауданның дамуына бағытталған бастамалар жөніндегі көзқарастарымен бөлісті.