СТАМБУЛ МЕН ТҮРКІСТАН АРАСЫНДА ЖҮК ҰШАҒЫ ҚАТЫНАЙДЫ


Стамбул мен Түркістан арасында енді жүк ұшағы қатынайды. Қос қала арасындағы байланыстың нығаюына «Turkish Cargo» әуекомпаниясы жауапты. Алғашқы рейспен 37 тонна жүк келген. Жүктің басым бөлігі киім-кешек.
Airbus 330-200 борты Италияның Рим қаласынан ұшып, Түркия арқылы Түркістанға жеткен. Енді осы жақтан азық-түлік тиеп Қытайға ұшпақ. Еуропаға тікелей жүк тасымалдауға қолайлы ұшақ аптасына екі рет, сәрсенбі-жұма күндері қатынайтын болады.
Айта кетейік, 2020 жылы ашылған Түркістан Халықаралық әуежайынан жуырда ғанаСамарқандқа тікелей қатынайтын рейс ашылған еді. Бұған дейін, Абу-Дабиге де тікелей қатынау мүмкіндігі ашылып, туристер саны біршама артқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы