
Баланы емізу баланың денсаулығы үшін өмір бойы маңызды. Ол медицина мекемелерінің, отбасы мен үкіметтің шығындарын төмендетуге ықпал етеді. Босанғанннан кейінгі алғашқы сағатта баланы емізу нәрестені инфекциядан қорғауды қамтамасыз етеді және оның өмірін сақтайды. Емшектегі балалар тек жартылай еметін немесе мүлде ембейтін жағдайда іштің өтуінен және басқа инфекцияның салдарынан өлім-жітім қаупіне шалдығады. Сонымен қатар, баланы емізу ақыл-ой дамуының коэффициентін, мектепке дайындығы мен оның оқу көрсеткіші деңгейін арттырады және оған есейген шақтағы табыс деңгейінің аса жоғары болуы да байланысты. Ол кейінірек сүт безі мен аналық бездің обырына, қант диабетінің 2 типіне шалдығу қаупін және аналардың босанғанан кейін депрессияға шалдығуын төмендетеді.
Емшектегі балалар гиперхолестеринемия, семіздік, асқазан-әшек жолдарының аурулары, жіті респираторлық-вирустық инфекциялар, отитке көп шалдықпайды. Оларда мешел мен алллергиялық диатез секілді ауруалды аурулар сирек кездеседі.
Баланы емізуді бала туылғаннан соң алғашқы сағатта бастау керек; бала қанша сұраса, сонша күндіз және түнде де емізу керек; бөтелке мен емізікті қолданудан аулақ болу қажет.
Баланы емізуді үйрену қажет. Басында көп әйелдер қиындыққа тап болады. Баланы емізу мәселелері бойынша мамандардың қолжетімді кеңес беруінің арқасында әрбір әйел баланы 6 айға дейін тек емізуді және/немесе тиісті қосымша тамақ берумен қатар екі жасқа дейін жалғастыруды қамтамасыз ете алады.
Емізудің артықшылығы:
Ана сүті
-Толыққанды тамақтану
-Тез сіңеді және толық қорытылады
-Инфекциядан қорғайды
-Жасанды тамақтан арзан тұрады
Баланы емізу
-Эмоциялық байланыс пен дамуды қамтамасыз етеді
-Жаңа жүктіліктің орын алмауына көмектеседі
-Ананың денсаулығын қорғайды
Ана сүтінің қорғаныс қасиеті:
Ана сүті инфекция мен аллергиядан бірден-бір қорғанысты қамтамасыз етеді, сондай-ақ баланың иммундық жүйесінің лайықты дамуын ынталандырады.
Ана сүтінің қорғаныс қасиеті патогенді микрофлоралардан асқазан-ішек жолдарын алғашқы қорғанысын қамтамасыз ете отырып, анадан балаға энтеральдік жолмен пассивті гуморалдық иммунитеттің табиғи жолмен берілуі анықталады.
Ана сүтінде түрлі антигендерге, әсіресе энтеробактериялар мен вирустарға, стрептококк, стафилококк пен пневмококк, қарапайым вирустарға қарсы антидене бар.
Ана сүтінде макрофагтар, лимфоциттер мен нейтрофильді гранулоциттер көп. Бұл жасушалар бала анасының байланысты болатын микроорганизмдерге қатысты фагоцитоз, сондай-ақ иммундық факторлар секрециялары арқылы да инфекцияның алдын алуға көмектеседі.
Балаға өмірдің алғашқы минуттарынан бастап бере алатын ең жақсы нәрсе — кеудеге салып, алғашқы 6 айда тек ана сүтімен тамақтандыру.
Сіздердің емшектеріңіздің ұшында пайдалы бактериялар бар екендігін сіздер білесіздер ме? Бұл баланы емізер алдында емшек ұшын жуудың қажеті жоқ екендігін білдіреді.
Доктор Мишель Гризвольд ата-аналарға арналған осы шағын мастер-класста емшек емізу туралы айтады.
Баланы емізу оңай ма?
Мен былай деп айтар едім: кейде аналарға емшек емізу — оңай және табиғи іс-әрекет деп жатады. Көбінесе ана үшін бірінші баланы емізу жеңіл болуы мүмкін, ал екінші баласымен қиындықтар туындайды. Сондықтан бәрі де нақты жағдайға байланысты.
Егер менің емшегімнің ұшы ауырса, емізуді доғаруым керек пе?
Егер сіздің емшегіңіздің ұшы ауырса, емізуді доғарудың қажеті жоқ. Сіз баланы емізуді жалғастыра беруіңіз тиіс, бірақ ауырудың себебін анықтау үшін көмекке жүгініңіз.
Менің сәбиім қанша рет тамақтануы қажет?
Тәулігіне шамамен 8-12 рет аштық белгілері білінуі тиіс. Жаңа туған нәрестелерге көп тамақтану қажет, өйткені олар тез өседі. Өмірінің алғашқы алты айында – немесе одан да ерте – баланың туған кездегі салмағы екі есеге артады. Ал енді өз салмағыңызды екі есе қосу үшін қанша тамақ жеу керектігін елестетіп көріңіз
Емізер алдында емшек ұшын жуу қажет пе?
Емізер алдында емшек ұшын жуу қажет емес, өйткені сүт бездерінде және емшектің ұшында пайдалы бактериялар түзіледі. Дәл осы бактериялар ананың сүт бездерінде инфекцияның пайда болуын тоқтатады.
Емізуді қашан бастау қажет?
Ана мен бала үшін босанғаннан кейінгі бірінші сағат аса маңызды уақыт болып табылады. Емізу — өте ұйымдастырылған, неврологиялық іс-әрекет. Осы себепті туа салысымен анамен байланыс орнату нәрестені тыныштандырып, емшек іздей бастауға көмектеседі. Егер біз аналар мен нәрестелерді осындай байланыста жай ғана қалдырсақ,олар әдетте емізуге алғашқы қадамды өздері бастайды. Бұл шамамен жарты сағаттан бір сағатқа дейін уақытты алады.
Емізу кезінде мен не жеуім керек?
Аналардың көбісі емізу кезеңінде қалағанының барлығын жей алады. Олар өздерінің әдеттегі рационын ұстай алады. Осы жердегі қызықты жәйт: аналар жеген кез-келген азық-түлік сүттің дәміне әсер етеді, бұл нәрестелердің шамамен алты айға толғанда қосымша азықты қосудағы дайындықтың басы болып табылады.
Емшектен табиғи түрде бас тарту шамамен бір жастан басталады, өйткені балалар дамыған сайын өзгере бастайды. Оның себебі: олардың анаға көңіл аударуы төмендейді, және олар қоршаған әлемді зерттеуге көбірек уақыт бөле бастайды.
Жұмысқа шыққан жағдайда мен баламды емшектен айыруым қажет пе?
Біз жұмысқа қайта шыққан аналардың өз балаларын емшектен айырмаса екен деп үміттенгіміз келеді. Аналарға емізуді жалғасыру үшін уақыт пен қолдау қажет. Аналарға өз жанұясының, сонымен қатар әріптестерінің, жұмыс берушілердің және оларға тиесілі жергілікті қоғамдастықтың қолдауы қажет.
Емізу тек тамақтану жайлы ғана емес. Ол балалардың өмір бойы өсіп-өніп, өркендеуіне көмектесетін қамқорлықпен күтіп-бағудың бір бөлігі болып табылады.
Емшек сүті –стерильді, жылы тағам, баланың ағзасы ана сүтін оңай сіңіреді және қорытады. Сәби оны күн мен түннің кез келген уақытында жеткілікті мөлшерде ала алады. Ол баланың ағзасы талап ететін ақуыз, май, көмірсу, витаминдер секілді нәрлі заттарға қажеттіліктерін толықтырып, 15-тен астам гормондар мен лактобактериялардың жақсы жетілуін қамтамасыз етеді. Ана сүті 80% судан тұрады және ол баланың суға деген сұранысын толық қанағаттандырады. Сондықтан 6 айға дейін тіпті ыстық ауа-райында бала ағзасы қосымша сұйықтықты немесе тағамды қажет етпейді.
Иммунитетті қолдайды
Емшек сүтінде болатын иммуноглобулиндер әртүрлі жұқпалы аурулардан сәби ағзасын сенімді қорғайды. Әсіресе, өмірінің алғашқы жылы.
Түрлі аурулардан қорғайды
Ана сүтін ішетін балалар жасанды тамақтандыру арқылы тамақтанатын құрдастарына қарағанда ішек инфекциялары мен тыныс алу жолдарының ауруларымен азап шекпейді. Мұндай балаларда орта құлақтың қабынуы, аллергиялық реакциялардың пайда болуы, менингит, қант диабеті, лейкоз, семіздік қаупі әлдеқайда төмен болады.
Босанғаннан кейін ананың ауырып қалу қаупін төмендетеді және ағзасының қалпына келуін тездетеді
Емшек емізу кезінде бөлінетін окситоцин жатырдың тарылуын және оның әдеттегі өлшеміне оралуына ықпал етеді, босанғаннан кейінгі қан кетуді тоқтатады. Босанғаннан кейін уақытты баласымен бірге өткізіп, баласын өзі емізетін әйелдерде босанғаннан кейінгі депрессия қаупі төмендейді. ГВ болашақта сүт бездерінде, жатыр, аналық бездерде мастопатиялар мен қатерлі ісіктердің тиімді алдын алу болып табылады. Жасын үлкен бала емізетін әйелдерде жүрек-қан тамырлары ауруларының, қант диабетінің, остеопороздың пайда болу қаупі әлдеқайда төмендейді. Менопауза өзге әйелдерге қарағанда кеш келеді.
Оразкүл ИСАБЕКОВА,
Сауран аудандық емханасы ЖТМ.