Аз уақыттың ішінде еліміз¬де медицина саласындағы соңғы өзгерістердің болуы қуан¬тар¬¬лық жағдай. Мәселен, бүгінде Ден¬саулық сақтау министрлігі пациент¬терге алғашқы ақпарат беретін виртуалды боттарды енгі¬зуге дайын. Медицина саласын¬д¬а¬ғы кадр жетіспеушілігі мәсе¬ле¬сін шешу және диагноз қою, емдеу әдісін анықтау және қа¬теліктерден құтылуға көмекте¬сетін дәрігерлердің таптырмас кө¬мекшісіне айналдыру. Бұл жаңа¬шыл¬дық науқастарымыздың сауат¬тылығының жоғарылауына, медицина қызметкерлері мен науқас арасындағы қарым-қатынас дең¬гейінің артуына үлес қосады. Егер бұрын дәрігерлер науқасты қабылдаған кезде уақытының көп бөлігін қағаз толтыруға жұмсаса, енді жаңа технологиялар арқылы науқасқа деген көзқарасы басқа болмақ. Сауран ауданының тұрғындары үшін медицина саласындағы жасалған жұмыстың барлығы тек жаңа дең¬гейге өту үшін жасалған бастама деп білеміз және денсаулық сақтау саласындағы соңғы ақпараттарды оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Медициналық технологияларды бағалауды жүзеге асыру үшін МТБ ұйымдастырушысы (шетелде бұл тұтастай бір МТБ агенттігі болып табылады) МТБ әдіскер мамандары, ақпаратты жүйеде іздеу мамандары (IT- кітапханашылар), фармакологтар, экономистер, клиникалық кеңес беруші дәрігерлер, этика саласындағы және бағалауға қажетті басқа да мамандардан тұратын көпсалалық топ құрады. МТБ үдерісі — құрылымданған клиникалық мәселені талқылау, ақпаратты жүйеден іздеу, оны іріктеу және сараптау, экономикалық сараптама жасау, шешім шығару және МТБ есептерін дайындаудан тұратын күрделі үдеріс. МТБ есебі рецензияланып, оның соңғы нұсқасы тапсырыс берушіге шешім қабылдау үшін беріледі.
Әр түрлі деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдастырушыларын (менеджерлерді) МТБ нәтижелеріне негізделген шешімдерді қабылдауға үйрету жоспарланған. МТБ нәтижелерін көрсету мақсатында халықаралық конференцияларға қатысу да ойластырылуда. Сонымен қатар, МТБ үдерісіне қалың бұқараны тартқан жөн. Себебі әлемде дәрігерлер, науқастармен жұмыс жасайтын қоғамдастықтар және науқастардың өздері бұрыннан бері және белсенді түрде осы үдеріске қатысуда. Өйткені медициналық технологияларды бағалаудың соңғы нәтижесі денсаулық сақтау жүйесіне, яғни халық денсаулығына әсерін тигізетін шешім қабылдау болып табылады.