САУРАН: ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МЕДИЦИНА САЛАСЫНА ДА ДЕНДЕП ЕНУДЕ


Цифрлық технология қазір медицинаға да дендеп енуде. Сауран ауданында да бұл бағытта көптеген жаңалық енгізілуде. Медицина саласындағы ақпараттық жүйе дегеніміз – веб-технология бойынша қызмет көрсететін мамандандырылған медициналық бағдарлама. Бірыңғай аймақтық медициналық орталықта орнатылады. Оған барлық дәрігер өздерінің жұмыс компьютерімен интернет арқылы байланысқа шығады. Мұның дәрігерлер біліктілігін арттыруда, жұмыс уақытын тиімді пайдалануда мүмкіндігі зор. Сондай-ақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде де бұл технологияның артықшылығы басым.
Жалпы, медициналық ақпараттық жүйе – барлық емдеудің ашық әрі жариялы түрде өтуін көрсететін басқару құралы. Бұл дегеніміз – тұрғындардың денсаулығын онлайн-режимде бақылау. Бір рет те ем алуға келмеген тұрғындардың да санын шығарып отырады. Олар туралы мәлімет береді. Яғни, дәрігердің жұмыс барысында неше емделушіні қарағанын немесе қабылдамай жібергенін бақылап отыруға болады. Қызмет көрсетпей жалақы алғанын да осы жүйе анықтап отырады. Дәрігердің жұмысына осылай бақылау жүргізу саланың сапалы қызметін қамтамасыз етуге жол ашады. Сөйтіп, дәрігерлер арасында бәсекелестік қалыптасады. Сондай-ақ, медициналық ақпараттық жүйе арқылы онлайн-тіркелу, интернет арқылы дәрігерді, медициналық қызметті таңдау мүмкіндіктеріне қол жеткізуге болады. Электронды тіркелу арқылы ақ халаттылар кәдімгі қағазбастылықтан арылып келеді. Олар бұрынғыдай хаттама толтырып, ауру тарихын жазып отырмайды. Бәрі электронды түрде сол кісінің аты-жөнін жазғанда шығып тұрады. Дәрігер компьютердің пернетақтасы арқылы түртіп, иә немесе жоқ белгісін ғана қойып отырады. Барлық дерек сіздің электронды паспортыңызға жинақталып, келесі дәрігер ашқанда көрінеді. Енді дәрігердің науқастарды қарайтын уақыты көп болады. Емделуші бұрынғыдай медициналық картасын емханаға, ауруханаға өзімен бірге алып жүрмейді. Аты-жөнін айтса, сол кісі туралы толық мәлімет дәрігердің алдындағы компьютер мониторында көрініп тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы