САУРАН: БАЛАЛАРДЫ ЖАРАҚАТТАН САҚТАҢЫЗДАР

Sports injury. Doctor makes a bandage on head patient, on white.

Өкінішке орай мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасында үй жағдайында, жарақат алып жататын кездер жиі кездеседі. Ең өкініштісі мұндай қайғылы оқиғалар ата-аналардың салғырттығы және бейқамдығы салдарынан орын алуда.Балалардың айналасындағы құбылыстарды тануға деген құштарлығы бұл әрине қуанарлық жағдай. Ата-аналар тарапынан балаларға қатысты қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтауды қатаң ескертеміз. Ата-аналар кішкентай балаларды терезе алдына тұрғызып ойнатады, ал содан кейін өз істерімен айналысып, баланы бақылаусыз қалдырады. Бұл жағдай балалардың алдағы уақытта өз бетінше терезеге шығуына бірден бір себеп болып табылады. Өйткені бұл әдет баланың санасында сақталады. Осындай сәтте, кішкентай балалар маскит торларға сүйеніп, осы кезде құлау сәті орын алады. Маскит торлары балаларды құлап кету қаупінен сақтамайды.
Құрметті ата-аналар! Сауран аудандық емханасы балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін сақталуы қажет мінез-құлық ережелерін еске салады:
— терезелерді ашық қалдырмаңыз;
— терезедегі москит торлары балаларды құлап кету қаупінен сақтамайды. (москит торлары шыбын, маса т.б жәндіктерден және бунақденелерден қорғау үшін қолданылады).
— бала терезе алды тақтайына көтерілмеуі үшін жиһазды терезе жанына қоймаңыз;
— баланы, әсіресе терезелер мен шыны есіктердің жанында ойнайтын баланы қараусыз қалдырмаңыз;
— балалардың төсекке немесе терезелердің жанында орналасқан басқа жиһаздарға секіруіне жол бермеңіз.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында осы қарапайым ережелерді орындау баланың терезеден құлауының алдын алуға, оның денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектеседі, өйткені балалар — бұл біздің болашағымыз! Көптеген дамыған шетелдерде жауапсыз ата-аналарға қатысты қатаң әкімшілік жаза қолданылады (айыппұл санкциялары, мәжбүрлеп айыппұл жұмыстары, БАҚ беттерінде суреттерді орналастырылады, теледидарда, қаланың лэд-экрандарында көрсетіледі және т. б.). Барлық ата-аналар өз балаларының өміріне, денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарағанын қалаймыз. Оларды қараусыз қалдырмай, жалғыз өзін серуендеуге жібермей, қандай да бір жағдайда өзін-өзі қалай ұстау керектігін жиі айтып түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, баламен жиі сөйлесу, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру арқылы көптеген жазатайым оқиғалардың алдын алуға септігін тигізер деген сенімдеміз.
Терезеден құлау балалардың жарақаттануы мен қаза болуының негізгі себептерінің бірі болып табылады, әсіресе қалаларда. Жаратылысынан бәрін білуге құштарлығына байланысты балалар ашық терезеге өте осал. Балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты апаттың алдын алу үшін, келесі ережелерді сақтау керек:
Пәтердегі терезелерді ашу және үй-жайды желдетер кезде, баланың қараусыз қалмағанына көз жеткізіңіз.
Мүмкіндігінше, терезелерді (желдеткіштерді) төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз.
Бала терезені өз бетінше аша алмайтындай етіп терезелерге блокираторлар (арнайы бекіткіштер) орнатыңыз.
Баланың балконға ересектердің қарауынсыз шығуына жол бермеңіз.
Ұйықтап жатқан баланы ешқашан пәтерде жалғыз қалдырмаңыз. Бала оянып, ашық терезенің тақтайшасына шығып кетуі мүмкін.
Төсекті қоса алғанда, барлық жиһаздарды терезе алдынан жылжытыңыз. Бұл баланың терезе алды тақтайшасына кездейсоқ шығуына жол бермейді.
Балаға терезе қалай ашылатынын көрсетпеңіз. Терезені өз бетінше ашуды қаншалықты кеш үйренсе, оның пәтерде болуы соғұрлым қауіпсіз болады.
Балаға терезеден немесе балконнан көшеге қарау үшін орындықты немесе басқа құрылғыны аяғының астына қоюды үйретпеңіз. Кейіннен, осылай әрекет ете отырып, сыртқа ұмсына қарау нәтижесінде терезеден (балконнан) құлап кетуі мүмкін.
Москит торлары көп қауіп төндіреді:
— Бала алда қандай да бір кедергіні көреді, оған сенімді сүйенеді, нәтижесінде ең кішкентай бір жасар баланың салмағына арналмаған тормен бірге құлап кетуі мүмкін.
— Егер 5-7 жастағы бала пәтерде жалғыз қалудан қорқатын болса, оны тіпті аз мерзімге де жалғыз қалдырмаңыз. Көбінесе балалар қорқыныш сезініп, ата-аналарын көру үшін терезеден немесе балконнан қарайды, нәтижесінде бала құлап кетуі мүмкін.
• Егер бөлмеде бала болса терезені ашық қалдырмаңыз;
• Бала терезені өз еркімен ашып алмас үшін тұтқасын жауып қойыңыз;
• Терезе ашылмас үшін арнайы қорғау құралдарын орнатыңыз;
• Бала терезенің алдына шықпас үшін барлық жиһазды терезеден алыстатыңыз;
• Баланы терезенің алдына тұруды және ары жағында не болып жатқанын қаратуды үйретпеңіз, Сіз жоқ болған кезде ол қайталауы мүмкін;
• Балаларды үлкендерсіз балконға шығармаңыздар;
• Шіркей торы баланы құлаудан сақтамайды. Ол қорғап та қалмайды және де балаларды оған сүйенуді үйретеді, себебі балаларға ол шыны сияқты сенімді болып көрінеді.
Ешқашан балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, әсіресе жалғыз өздерін!
Балалардың денсаулығын бірге сақтайық!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы