ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСУ – БАСТЫ МАҚСАТ — 2


Аудан аумағындағы электр желілері 1968-1970 жылдары салынып, 60%-ынан аса тозығы жеткендігі байқалып отыр. Ауылдардағы кездесулерде тиісінше тұрғындар тарапынан сапалы электрмен қамту мәселесі жиі көтеріледі. Электр желілерін жаңартуға биыл Ибата, Бостандық, Абай елді мекендерінде электр жүйелерінің құрылысы басталды. Ағымдағы жылы бюджет есебінен қосымша 12 трансформатор орнатылса, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС есебінен 5 трансформатор орнатылады және 13,0 шақырым электр желілері ауыстырылды. 2024 жылы жергілікті бюджет есебінен 56 дана трансформаторлар ауыстырылды және «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС есебінен 17 шақырымды құрайтын электр желілері ауыстырылып, 4 дана трансформатор орнатылды. Жаңадан қоныстанған аумақтарға 12,6 млрд. теңгені құрайтын 26 жоба әзірленіп, салалық басқармаға бюджеттік өтінім ұсынылды. Ауданда электр энергиясы тапшылығын болдырмау мақсатында, «Бекзат-2» қосалқы станциясының құрылысына 5 гектар жер телімі бөлінді.
КӨГІЛДІР ОТЫН КӨП АУЫЛДАРҒА ЖЕТКІЗІЛДІ
Қазіргі таңда табиғи газбен аудандағы 10 елді мекен қамтылған болатын Қамту көрсеткіші әзірге — 43,3% құрап отыр. Газ тартылған — 7 880 абонент, газ жүйесіне қосылуы 70,2 пайызға жеткізіледі. Осы кезге дейін Қарашық, Жүйнек ауылдық округтеріне жеткізуші магистральды газ құбыры және Оранғай, Шорнақ, Қосмезгіл және Аша елді мекенінде ішкі газ құбырының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қалған ауылдарды ішкі газ құбырымен қамтамасыз ету мақсатында, құны – 9,1 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба әзірленіп, республикалық бюджетке ұсынылды. Олардың ішінде Шыпан, Жүйнек, Қарашық, Құмтүйін, Шекербұлақ, Бостандық, Қосқорған елді мекендері бар. Бабайқорған, Майдантал, Жібек Жолы ауылдық округтерін газбен қамту үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.
АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖАСАЛУДА
Жалпы, аудан аумағында 1 281 шақырымды құрайтын жолдар бар. Олардың ішінде республикалық маңызы бар — 105 шақырым, облыстық маңызы бар — 326 шақырым. Ал, аудандық маңызы бар — 119 шақырым болса, оның ішінде ішкі жолдар — 731 шақырымды құрайды. Биылғы жылы 12 ішкі көшелерге 22 шақырым және 4 аудандық маңызы бар жолдарға 34 шақырым орташа және ағымдағы жөндеуден өтуде. Нәтижесінде жыл соңына ішкі жолдардың қанағаттанарлық үлесі — 75%-ға жетеді. Аудан көлемінде ауданішілік жолаушылар тасымалына қазіргі таңда 4 бағыт тұрақты түрде қоғамдық автокөлікпен қамтамасыз етілді. Аудан тұрғындарын қоғамдық көлікпен толық қамту үшін қосымша 10 бағыт ашуды қажет етеді. Жоба шығыны 280 млн. теңгені құрайды.
ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ ЖЕТІЛДІРІЛУДЕ
Ауылдардағы кездесулерде көпшіліктің көтеретін мәселесінің бірі интернет желісінің баяулығы. Осыған орай Сауран ауданын сапалы интернетпен қамту бойынша 2024 жылы 9 елді мекенге 4G стандартына сәйкес 10 базалық станциялар орнатылды. Оларды атап өтер болсақ, Бабайқорған, Ынталы, Аша, Шорнақ, Ибата, Ескі Иқан, Жүйнек, Қосмезгіл, Қарашық елді мекендері. Ағымдағы жылы 7 елді мекенде 10 базалық станциялар орнатылатын болады. Жер телімінің құжаттарын рәсімдеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта жеті елді мекенде антенна орнату жұмыстары жүргізілуде. Олардың ішінде Қазақстанның 30 жылдығы, Қарашық елді мекені 3 станция,Оранғай елді мекені 2 станция,Теке,Шорнақ, Қосмезгіл, Жүйнек елді мекені бар.
Аудандағы өзекті мәселелерді ең алдымен жергілікті халық жақсы біледі. Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Басты міндетіміз аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында жұмыстар жалғасын табатын болады. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларының әрі қарай тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, жаңа кәсіпорындар ашу, жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын кеңейту есебінен аудан экономикасын көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыссыздық деңгейін төмендетуге жүйелі жұмыстар атқарамыз. Сондықтан, күрделі мәселелерді шешуге және ауданның дамуына сіздермен бірге жүйелі шаралар қабылдайтын боламыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы