
Мемлекеттік қызметке түскісі келген үміткерлер ең алдымен eqyzmet.gov.kz интернет-порталы арқылы сәйкестендіру номерін алады, яғни оның үміткердің аты-жөні жасырылады. Бұл мүдделер қақтығысының болмауын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, «Е-қызмет» барлық маңызды ақпараттық жүйелермен интеграция жасалынды. Ол мемлекеттік қызметке үміткерлерді артық құжат жинаудан босату, өзге ақпараттық жүйелерден үміткер туралы ақпарат алу, оның соттылығы немесе өзге бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын тексеру, біліктілік талаптарына сай келуін қарау – мұның бәрін автоматты түрде жүйе өзі жасайды.
Осы ретте, конкурсқа қатысу үшін интернетке қосылған, веб камерасы, микрофоны бар компьютер болса жеткілікті. Оған қоса, жаңа жүйе бойынша тестілеу жүргізілетін нормативтік-құқықтық актілердің саны екі есеге – 9-дан 4-ке дейін қысқартылды. Іріктеу рәсімдерінін кең ауқымда цифрландырылуы өз кезегінде мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Өткен жылы қараша айында Түркістан қаласында «Мен жастарға сенемін!» атты облыстық жастар форумы өткен болатын. Форумға спикер ретінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е. Алтаев, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Ж. Темірбекова, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ректоры Ә. Шоқпаров, «Білім-инновация лицей-интернатының» директоры А.Мирманов қатысқан еді.
Шараның басында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев 2025 жыл Президенттің бастамасымен Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланғанын атап өтті.
– Сіздер – еліміздің болашағы, мемлекеттік қызметтің жаңа толқыны, халқымыздың сенімін ақтайтын жаңа буынсыздар. Қазіргі заман талабына сай қызмет ету, жауапкершілік пен адалдық таныту – сіздердің басты міндеттеріңіз. Жас мемлекеттік қызметкерлер ретінде сіздер жаңа идеяларды ұсынушы, реформаларды жүзеге асырушы, және қоғамға өзгеріс әкелуші боласыздар. Заманауи технологиялар мен жаңа тәсілдерді меңгеріп, оларды өз қызметтеріңізде қолдану арқылы елімізді алға жетелей аласыздар. Мен сіздерді шынайы патриот болуға, елімізді дамыту жолында аянбай еңбек етуге шақырамын. Өздеріңіздің тың идеяларыңыз бен жігерлеріңіз арқылы Қазақстанның жарқын болашағын құру сіздердің қолдарыңызда, – деген еді Ертай Кенжебекұлы.
Бұл жиынға жас мемлекеттік қызметшілер, жоғарғы оқу орнын үздік бітіріп (GPA-3.33) мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданған жастар, облыстың өңірлік кадр резервіне қабылданған резервшілер, жоғары оқу орындарының студенттері және мектептердің жоғарғы сынып оқушылары жиналған болатын.
Форум барысында спикерлер жастарға еңбек жолындағы тәжірибелерін бөлісіп, қазіргі таңда мемлекеттік қызметке кіру кезінде артық кедергілер мен тосқауылдарды жою, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Заңнамаларға енгізілген бірқатар өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат берілді.
“Менің басты міндетімнің бірі – Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру. Құқық қорғау органдарына және басқа да жауапты мекемелерге азаматтардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету жүктелді. Ішкі істер министрлігі ұсақ бұзақылық пен вандализмнен бастап, шетелдіктердің заңсыз көшіп келуіне және басқа да ауыр қылмыстарға қатаң тосқауыл қойып, дереу жолын кесуге міндетті. Құқықтық мемлекетте қылмыс әлеміне орын жоқ, қарақшылықты түп-тамырымен жою қажет. Түрлі экстремистердің, оның ішінде әсіре діншілдердің де елге іріткі салатын әрекеттеріне қатысты ұстаным дәл осындай болуға тиіс. Құқық қорғау органдары кәсібилік, батылдық және табандылық танытуы керек. Жол апаттары қоғамның зор алаңдаушылығын туғызып отыр. Жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 1300-ден астам адам қаза болып, 16 мыңнан астам азамат зардап шекті. Адамдар күн сайын жол үстінде қазаға ұшырап жатыр. Олардың арасында тұтас отбасылар да бар. Жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және интеллектуалдық жүйені енгізу арқылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. Бұл – жергілікті ғана емес, республикалық жолдарға да қатысты мәселе”, деген болатын Мемлекет басшысы.
Осы салаға жауапты мекеме автокөліктердің техникалық жағдайына тиісті бақылау жасауы қажет. Жүргізушілерді даярлау деңгейінің де төмендеп кеткені жасырын емес. Жүргізуші куәлігін арнайы оқымай-ақ алатын жайттар бар. Үкімет, әкімдер, Ішкі істер министрлігі батыл қадам жасауы керек. Депутаттар бұл мәселені назарда ұстауға тиіс. Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты.
Жалпы, Президенттің Жарлығына сәйкес, ҚР-ның мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітіліп, онда мектеп және жоғары оқу орындарын қамтитын ерте кәсіптік бағдарлау институын құру көзделген. Яғни, тұжырымдамаға сәйкес, мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан бітіруші сынып оқушыларын мектеп қабырғасында жүрген кезден-ақ мемлекеттік қызметке дайындау жұмыстары жүргізілетіні айтылды.