ТҮРКІСТАН: ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫНЫҢ ӨҢІРЛЕРГЕ САПАРЫ – МӘСЕЛЕНІ ШЕШІМГЕ АЙНАЛДЫРУ НЕГІЗІ — 3


Бұл құжат қабылданған жағдайда мәдени мұраларды қорғау, пайдалану және оларды мемлекет қарауына алу тәртібі нақты айқындалады.
– Екі айлық демалысыңызды қалай пайдаланудасыз?
– Демалыс деп қарап жатқан жоқпыз. Бұл – халықпен тікелей жүздесіп, нақты проблемаларды тыңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің тиімді кезеңі. Әр ауданнан түскен ұсыныстар негізінде қыркүйек айында Мәжіліс сессиясы ашылғанда тиісті министрліктерге депутаттық сауалдар жолдап, оларды заң аясында шешу жолдарын қарастырамыз.
– Сіз бір сөзіңізде министрлер ауыл-аймаққа шығып, елмен бетпе-бет кездесуі қажет деген ұсыныс айттыңыз. Бұл бастама қаншалықты маңызды?
– Билік өкілдерінің тек кабинетте отырып шешім қабылдауы жеткіліксіз. Әр өңірдің өз ерекшелігі бар. Оны білу үшін ел арасына шығып, халықпен бетпе-бет кездесіп, проблемаларын тыңдаған дұрыс. Бұл – сенім қалыптастырудың да, шынайы жағдайды бағалаудың да жолы.
Мұндай тәсіл билік пен халық арасындағы байланысты күшейтеді. Мемлекеттік саясаттың пәрменділігі артып, халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидаты жүзеге асады.
– Сайлаушылармен, халықпен жиі кездесесіз бе?
– Әрине, бұл – депутат ретіндегі қызметімнің маңызды бөлігі. Халықпен кездесу – тек есеп беру емес, ең алдымен елдің шынайы жағдайымен танысып, ұсыныс-пікірлерін тыңдау. Әр өңірдің өзіне тән ерекшелігі мен шешімін күткен мәселелері бар. Жергілікті тұрғындардың ойы мен өтініш-тілегі – мен үшін бағдар.
Мысалы, жыл басынан бері Түркістан облысының бірқатар аудандарында болып, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткіздім. Бұл кездесулер барысында әлеуметтік мәселелерден бастап, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, мәдениет, денсаулық сақтау салаларындағы түйткілдер көтеріледі. Айтылған ұсыныстар мен сауалдардың дені Мәжіліс қабырғасында ресми түрде тіркеліп, тиісті министрліктерге жолданып отырады.
Осындай кездесулер халықпен кері байланыс орнатуға, мемлекеттік шешімдердің нақты өмірмен байланысын арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұндай диалогтар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілер арқылы да үнемі ашықпын. Азаматтар өз ұсыныс-пікірлерін, сұрақтарын тікелей жолдап отырады. Бұл – халықпен байланыс орнатудың тиімді және жедел тәсілі. Мен үшін кері байланыс – ең маңызды нәрсе. Өйткені, нақты ақпарат пен халық үніне құлақ асу – дұрыс шешім қабылдаудың негізі.
– Әңгімеңізге рахмет! Атқарып жатқан жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!
Сұхбаттасқан
Қайрат ЗАЙНИШЕВ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы