ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаетың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында облыс әкімдігінде тұрғындар үшін жеке қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков «Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті рет тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады. Жауапты сала басшыларымен бірге азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын зерделеп, сұрақтарына жауап берді.
Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, жеңілдетілген несие алу мәселелерін көтерді.
Сауран ауданында ірі қара мал бордақылайтын кешен құрылысын бастаған азамат жеңілдетілген несие алуға өтінім бергенін айтып, алайда әлі күнге дейін қаржыға қол жеткізе алмай жүргеніне шағымданды. Жоба бойынша мал бордақылайтын алаңнан басқа, құрама жем зауыты мен былғары өңдейтін цехты іске қосу көзделген. Ірі жобаны қаржыландыру 2026 жылдың жоспарына енгізілген.
Қазығұрттық қария жылыжай құрылысы мен мал шаруашылығын дамытуға жер берілсе деген өтінішін жеткізді. Азаматқа шаруашылық жүргізуге жер алу заңдылығы түсіндіріліп, жарияланатын конкурсқа қатысу туралы ақпарат берілді. Астаналық компания өкілдері белгілі бір аймақтарда қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін жолданған сұранысты қанағаттандыруға ықпал етуді сұрады. Өтініш иесіне сұраныс бойынша заң талаптарының сақталуы үшін нақтылауларды қажет ететін қосымша зерделеу-анықтау шаралары жүргізілетіні айтылды. Нұрбол Тұрашбеков көтерілген барлық мәселелер бойынша жауап беріп, атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Айта кетейік, облыс әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тұрақты түрде жалғастырады. Жеке қабылдауға жазу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы және «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр. Иә, билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Шенеуніктер алдына келген адамға шекесінен қарамай, қайта мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Президент Жолдауында айтылған пікір¬ді міне, осы екі ауыз сөзге сый¬ды¬руға болады. Бізді қуантатыны, ай¬ты묬ған сөз іс жүзінде де жүзеге асып жатыр. Оған мысалды көптеп келтіруге болады.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мем¬лекеттік институттардың рөлін ны¬ғайту, азаматтардың құқықтары мен бо¬стандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелерін кеңі¬нен сөз етті. Жолдауда қазіргі әлеу-меттік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасап қана қоймай, оның шешу жолдарын да көрсетіп берді.
Жалпы, азаматтық қоғам қалыптас¬тырудың алғышарттары міне, осындай іс-әрекеттерден бастау алса керек. Кез келген адамға теңдік танытып, кеңдік көрсету ең алдымен адамның саналылығын білдіреді. Ал саналы адамдармен өмір де мәндірек болады. Жүректерге жол табу, кісінің көңілінен шығу – қазаққа тән қасиет десек, біздің қазақ осынау қасиетімен көп нәрсені оңтайлы шешіп отырған. «Жанымды алсаң да пейілімді алма» деген қонақжай халық осынау кеңпейіл көңілінің, жомарт жүрегінің арқасында небір аумалы-төкпелі қиын-қыстау кезеңдерден аман өтті. Қоршаған ортаға құрметпен қарап, бір-бірінің жан-жүрегін айтқызбай-ақ түсінісетін елдерде ғана береке болады. Ендеше Президент Жолдауы жүктеген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, ондағы айтылған әрбір сөздің астарына үңіліп, мағынасына мән беретін болсақ және оның орындалуына бәріміз бірдей атсалыссақ, біз үшін маңызды құжатта айтылған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» болудың да ауылы алыс емес.
«Естуші мемлекетте»- ең басты орында халықтың мүддесі тұрады, мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өз ара қарым-қатынас механизмі қалыптасқан болуы тиіс, халықтың мемлекеттің қабылдаған шешімдеріне еш кедергісіз қатысуға мүмкіндігі болуы және осы шешімдерді қабылдарда өз пікірлерін де ашық жеткізе алуы тиіс. Естуші мемлекет тұжырымдамасында мемлекеттік органдардың ең басты тапсырмасы- ол азаматтардың сұраныстарын қанағаттарындыра білуі керек. Естуші мемлекеттің мақсаты – ол азаматтардың өтініш-тілектерін жинап, қарастыру ғана емес, сол өтініштердегі мәселелерді шешу үшін азаматтардың өзін іске тарту және болашақта сол олқылықтардың болмауы үшін шаралар қолдану. Бұл тұжырымдама тек елдің астанасы не болмаса ірі қалалар аясында ғана емес еліміздің түкпір-түкпірін қамтиды. Яғни шалғай ауылдардағы әкімдер болсын, мемлекеттік органдардың өкілдері болсын бұдан шет қалмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы