ТҮРКІСТАН: ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА – ТҰРАҚТЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Мемлекет басшысы жасыл экономика, оның ішінде баламалы энергия көздерін дамыту – ұзақ мерзімді тұрақтылықтың кепілі болатынын атап өткені мәлім. Түркістан облысына қажетті электр қуатының 75%-ын сыртқы көздерден тасымалдауға мәжбүр (жалпы 445 МВт, оның ішінде 338,8 МВт сыртқы көздер есебінен). Аталған мәселені шешу үшін 6 маңызды жобала қолға алынды. Атап айтқанда:
— «Самұрық Қазына» қорымен Сайрам ауданында қуаттылығы 1 000 МВт болатын бугаз стансасының құрылысы басталды. Жоба құны 800 млрд теңге. Келесі жылы құрылысын аяқтау жоспарлануда;
— Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы жеке инвестор есебінен Кентау қаласында қуаты 240 МВт болатын газ турбина стансасы салынады. Жалпы құны 155 млрд теңге.
Бүгінгі таңда, конкурстық рәсімдер мен келісімшарт түзу жұмыстары аяқталды. Нысан құрылысын 2 жылда аяқтау жоспарлануда;
— Түлкібас ауданында 320 МВт-тық бу-газ және Сауран ауданында 485 МВт-тық 2 күн электр стансасының жобасы. Ол туралы жоғарыда кеңінен айтып өттік. Бұлардың іске асыру мерзімі 2025–2027 жылдар.
— Бәйдібек ауданында қуаттылығы 350 МВт болатын жел электр стансасының құжаттары рәсімделуде. Іске асыру мерзімі 2026–2028 жылдар.
Аталған жобаларды іске асыру есебінен экономикаға жалпы 1,8 трлн.теңге инвестиция тартылып, 2,4 ГВт электр қуаты өндіріледі. Нәтижесінде, жаңа өндірістерді ашуға қажетті электр қуатымен қамтамасыз етіледі.
Түркістан облысында өндірілетін электр энергия көлемін ұлғайту мақсатында, 2025-2028 жылдары Сайрам ауданында 1 000 МВт бу-газ стансасы, Түлкібас ауданында 320 МВт, Кентау қаласында 240 МВт (МЖӘ арқылы) газ турбина стансаларын салу көзделген. Оған қоса, 2026-2028 жылдары Сауран ауданында қуаты 485 МВт (2 жоба) күн, Бәйдібек ауданында қуаты 350 МВт жел электр стансаларын салу жоспарлануда. 2025 жылы Төлеби ауданында 110 кВ «Алатау» (іске қосылды), Жетісай ауданында 110 кВ «Жетісай» қосалқы стансаларының (РБ, ОБ есебінен) іске қосылады.
Сонымен қатар Ордабасы ауданында 220 кВ «Бадам» қосалқы стансасының құрылысы 2025 жылдан бастап іске асырылуда. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 2025 жылы инвестициялық бағдарламасына сәйкес, 6 дана – 110-35 кВ-тық қосалқы станса, 356,8 шақырым – 110–0,4 кВ электр желісін, 89 дана – 10/0,4 кВ трансформатор қондырғыларына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде, 2025-2026 жылдарға 4,6 млрд теңге қаралып, 48,7 шақырым құрайтын жоғары кернеулі әуе электр желілерін реконструкциялау жұмыстары іске асырылуда. «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 2025-2029 жылдары жалпы 113,1 млрд теңге келесі жұмыстар жоспарланған. Атап айтқанда:
— 778,9 шақырым – электр желілеріне;
— 23 бірлік – қосалқы стансаларына;
— 343 бірлік – трансформаторға реконструкциялау жоспарланған.
Сонымен қатар Сайрам ауданында 220 кВ «Ақсу», Сарыағаш ауданында, «Жібек жолы», Отырар ауданында «Шәулдір» қосалқы стансалардың құрылысы жүргізіледі. Сонымен қатар энергетика саласында цифрландыруды іске асыру мақсатында, 146 қосалқы стансаға жоғарғы деңгейдегі 959 дана және төменгі деңгейдегі 92 913 дана АСКУЭ есептегіш құралдарын орнату қарастырылған. Нәтижесінде, 2029 жылға қарай электр желілері мен стансалардың тозу деңгейі 57%-дан 52,8%-ға төмендеп, қосымша 330 МВт электр энергия пайда болады деп жоспарлануда.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында тұрақты әлеуметтік-экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, азаматтардың жасампаздық әлеуетін толық ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттің маңызды міндеті екенін атап көрсеткен болатын. Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына қойған міндеттері аясында Түркістан облысы қарқынды дамып келеді. Түркістан облысының биылғы 10 айдың қорытындысымен облыс экономикасының әлеуметтік- экономикалық дамуының оң динамикасы сақталды. Өнеркәсіп өнім көлемі 1 256,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 113,4%-ды құрады (ҚР – 107,3%). Өңдеу өнеркәсібімен 593,2 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 111,2% деңгейінде қалыптасып, жоспарға қол жеткізілді (жоспар – 107,9%). Тау-кен өнімі 574,6 млрд теңге немесе өсім 115,1%-ға жетті. Жоспар (115%) толық орындалды. Ауыл шаруашылығында 1 086,9 млрд теңге өнім өндіріліп, өсім қарқыны 101,7% деңгейінде орын алды (жоспар – 104,4%). Оның ішінде — Мал шаруашылығы – 353,5 млрд теңге 106,8%; — Өсімдік шаруашылығы – 728,0 млрд теңге 99,3%-ды құрағанын айта кетейік. Облыс экономикасына, 1 178,4 млрд теңге инвестиция бағытталып, өсім 124,2%-ды құрады. Жалпы сауда көлемі 688,4 млрд теңгеге жетіп, өсім қарқыны 148,3%-ды құрады (жоспар – 122,8%).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы