«Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 2-тарауына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарды жобалау кезінде:
— Жобалау кезінде объектілердің аумағында балалардың әрбір жас топтары үшін жеке ойын алаңдары көзделеді. МДҰ алаңдарының көлемдері балалардың санына қарай бір орынға кемінде 4 шаршы метр (бұдан әрі – м2) қабылданады.
— Әрбір топтық алаңда күн мен жауын-шашыннан қорғау үшін үш жағынан қоршалған кемінде 20 м2 көлеңке қалқа көзделеді. Көлеңке қалқалардың едені ағаштан болуы көзделеді.
— Объектілерді жобалау және реконструкциялау кезінде үй-жайлардың жиыны мен алаңы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес жобалау-ға арналған тапсырмамен айқындалады.
— Объектілерді жобалау кезінде ғимаратта және учаскеде әкімшілік-шаруашылық, тұрмыстық үй-жайлардан және бір-бірінен топтық оқшаулау қағидаты сақталады.
— Объектілерді жобалау кезінде негізгі және қосалқы үй-жайлар көзделеді:
1) жас ерекшелігіне байланысты топтық үй-жайлар – оқшауланған автономды үй-жайлар;
2) мамандандырылған үй-жайлар (музы-ка, спорт залдары) балалармен сабақ өткізу үшін, барлық немесе бірнеше жас топ-тарының кезекпен пайдалануына арналған;
3) ілеспе үй-жайлар (медициналық, ас блогы, кір жуатын орын) және персоналға арналған қызметтік-тұрмыстық үй-жайлар.
— Жобалау кезінде МДҰ-ның жас ерекшелігіне байланысты топтық үй-жайларының құрамына киім шешетін бөлме, ойын, жатын бөлмесі, буфет-тарату орны, дәретхана кіреді.
МДҰ-ның жас ерекшелігіне байланысты топтық үй-жайларының құрамы және олардың ауданы осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес келеді.
— Балалар толық уақыт болмайтын МДҰ-ны жобалау кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес жатын бөлмені ойын бөлмесімен біріктіруге жол беріледі.
— Балалар толық уақыт болмайтын МДҰ және мектепке дейінгі шағын орталықтарда жалпы киім шешетін орынды орнатуға жол беріледі.
— Объектілер ғимараттарының бірінші қабатында медициналық үй-жайлар және изолятор көзделеді. Изолятордың өтпелі болмауы көзделеді, олардың арасында 1,2 м биіктікте әйнектелген қалқа құрылғысын орнату арқылы медициналық кабинетпен көрші орналастырылады.
— Ғимараттардың жертөле және цоколдық қабаттарында балалар болатын үй-жайларды және медициналық мақсат-тағы үй-жайларды орналастырмайды.
— Пайдалану режимі шумен қоса жүретін және балаларды алаңдатын, педагогикалық, медициналық, әкімшілік персоналдың жұмысына кедергі келтіретін немесе бұзатын үй-жайларды (сорғы қондырғысы бар бойлерлер, өндірістік үй-жайлар, жөндеу шеберханалары, сорғы бөлімшесі бар салқындатқыш камералар, желдеткіш камералары, компрессорлық) жатын бөлмелеріне, топтық үй-жайларында, медициналық кабинеттерге көрші, олардың астында немесе үстінде орналастырмайды.
— Жеке гигиена бөлмелерін, персоналға арналған санитариялық тораптарды әкімшілік үй-жайлар аймағында орналастырылады.
— Үй-жайларды әрлеу үшін олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар құрылыс материалдары пайдаланылады. Рекреацияларда, холлдарда, акт залдарында, әкімшілік үй-жайларда әртүрлі конструкциялық аспалы төбелер қолдануға жол беріледі.
— Қалыпты режимде жұмыс істейтін үй-жайлардағы қабырғалардың, жабдықтың беті ылғалды тәсілмен жинауға жол беретіндей тегіс, күңгірт болады.
Ылғалды режимде жұмыс істейтін үй-жайлардың (медициналық мақсаттағы, ас блогы, санитариялық тораптар, кір жуу, жуыну орындар) қабырғаларын кемінде 1,5 м биіктікте, себезгі бөлмелерінде кемінде 1,8 м биіктікте тақтаймен немесе жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды тәсілмен жинауға жол беретін басқа да материалдармен қаптайды.
— Үй-жайлардағы еден ағаш тақтаймен немесе паркетпен жабылады.
Едендердің бетіне ылғалды тәсілмен өңдеуге және дезинфекциялауға жол беретін синтетикалық полимерлі материалдар, жылы линолеум төсеуге жол беріледі.
Барлық үй-жайлардағы еденнің беті тегіс, саңылаусыз, ақаусыз және механикалық зақымданбаған болуы тиіс.
Спорт залдың едені ағаштан немесе арнайы жабыны болады.
— Жылыту жүйесінің радиаторлары терезе астындағы қуыстарда орналасты-рылады және тормен жабылады, терезе-лерде және жарықтандыру құралдарында қоршау құрылғылары көзделеді.
— МДҰ-ны жеке тұрған ғимаратта, жеке үй иеліктерінде, көп пәтерлі тұрғын үйдің алғашқы екі қабаттарында, сондай-ақ ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылады.
— МДҰ-ны көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында тұрғын үй-жайлар болмаған жағдайда оның екінші қабатына орналастыруға жол беріледі.
Көп пәтерлі тұрғын үйдің алғашқы екі қабаттарында орналасқан МДҰ-ның тұрғын үйдің кіреберісімен біріктірілмеген жеке кіретін есігі болады.
— МДҰ-ны көп пәтерлі тұрғын үйдің алғашқы екі қабаттарында орналастыру кезінде тұрғындардың тіршілік әрекетінің санитариялық-гигиеналық жағдайларының нашарлауына жол берілмейді (шу, тамақ иісі).
— Авариялық ғимараттарда және үй-жайлардағы объектілерді пайдалануға жол берілмейді.
— Объектілерді пайдалану кезінде аумағында бұзылмаған қоршауы болады.
— Объектілердің аумағында және үй-жайларында олармен функционалдық жағынан байланысы жоқ объектілерді орналастырмайды.
— Объектінің учаскесіне кiру жолдары, көлiкпен өту жолдары, шаруашылық құрылыстарға, қоқыс жинағыштарға арналған алаңдарға, санитариялық-аулалық қондырғыларға өтетiн жолдар асфальтпен, бетонмен немесе тазалауға қолжетімді басқа да қатты жабынмен жабылуы тиіс.
А.ТУЛЕШОВА,
Сауран аудандық СЭББ бөлім басшысы.