САУРАН: ІТ-ТЕХНОЛОГИЯЛАР МАМАН ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДА


Денсаулық саласындағы маңызды мәселе — дәрігердің қабылдауындағы кезек, маманның тапшылығы. Бірақ, бұл бір жылда шешілетін мәселе емес. Дәрігерлермен толық қамту үшін бірнеше жылғы жұмыстың жемісі керек. Сондықтан, маман тапшылығын жойғанша, бізге цифрлық жүйе көмекке келеді. Мұндай мәселелер өңір тұрғындары үшін де өзекті. Осы орайда түркістандық тұрғындар онлайн арқылы дәрігер қабылдауына жазылып, уақытылы емделе алады. Ол үш медицина қызметкерлерінің бірыңғай жұмыс кестесін жасап алу керек. Сөйтіп, бас дәрігер қызметкерлерін онлайн арқылы басқарып, қадағалап отырады. Ақпараттық жүйені енгізген кезде орталық ауруханадағы дәрігер ауылдағы тұрғынды да компьютер арқылы көріп емдейді. Бұл ауылдағы ағайынның өз денсаулығына көңіл бөлуіне, олардың үнемі дәрігер бақылауында болуына ықпал етеді.
Біз бұл процеске көшкенде уақытты үнемдеумен қатар, денсаулық саласындағы материалдық шығындырды да азайтатын боламыз. Дәрілік заттарға кететін шығандар 30 пайызға азаяды. Бұрынғыдай емделуші бірнеше қайта анализ тапсырып әуреге түспейді. Бір базаға енгізілгеннен кейін емдеу де оңтайлы болады. Телемедициналық технологиялардың мүмкіндіктері артады. Науқас дәрігерді үйге шақырта алады. Жалпылама тұрғындар денсаулығына қатысты онлайн-мониторинг жүргізіліп отырады. Біріншіден, барлық емдеу мекемесі интернет желісіне қосылған болуы керек. Сол үшін компьютермен жабдықтап, интернетке қосуды жеделдетудеміз. Екіншіден, дәрігер компьютерді сауатты қолдана білуі керек. Мәселен, емделушінің бір диагнозына белгі қойылмай қалса, қалған емі нәтижесіз болуы мүмкін. Сондықтан, дәрігер барынша мұқият, сауатты болғаны абзал. Үшіншіден, әрбір дәрігердің өзінің осындай жаңалыққа жаны құмартып тұруы қажет. Қиын демей, керісінше, жаңа технологияның мүмкіндіктерін меңгеруге кіріскені жөн. Өйткені, заманның талабы сол. Бұл ретте бас дәрігерлердің, директорлардың да жауапкершілігі маңызды рөл атқарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы